Алғыр жастар ант қабылдады
М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде 1 курс студенттерін студенттер қатарына қабылдауға арналған «Жаңа қадам, жаңа бастау!» атты салтанатты іс-шара болып өтті. Оған атаулы оқу орнының профессороқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.
Мерекеге сай безендірілген Білім алаңында жас буынның білім мен ғылым жолындағы алғашқы қадамын қолдап, жаңа белестерге жігерлендіру мақсатында ұйымдастырылған жиында білімнің биік шыңына ұмтылған – бірінші курс студенттерін Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз университетінің Басқарма төрағасы, ректор Мұхтар Байжұманов құттықтап, салтанатты шараны ашық деп жариялады.
Осыдан кейін ортаға білім кілті мен студенттік билетті алулары үшін еліміздің жарқын болашағына жол ашқан, мемлекеттік грант иегерлері, үздік білім мен еңбектің үлгісін көрсеткен талапты да белсенді алғашқы курс студенттері шақырылды. Оларға кілт пен студенттік билетті ректор өз қолымен табыс етті.
Нәтижесінде, нағыз студент атанған жастар бірігіп, бір ауыздан:
Жиын соңында университеттің өнерлі студенттері ортаға шығып, өз өнерлерін көрсетті.
Aq jol-Aqparat