Дәлдеп ату – мерейтойға тарту
Биылғы жыл «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскерлері үшін маңызды жыл – атаулы қолбасшылықтың құрылғанына 25 жыл толып отыр. Қазақстан армиясының Құрлық әскерлері құрамындағы ірі аумақтық бірлестіктердің бірі құрылған күнге орай салтанатты іс-шаралар циклі дәстүрлі қару-жарақтармен оқ ату жарысымен ашылды.
Тараз гарнизонындағы атыс алаңында Жамбыл облысында орналасқан барлық күш құрылымдарының өкілдері кездесті. Жарысқа «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының құрамына кіретін Тараз гарнизонының барлық әскери бөлімдері қатысты. Шекарашылар да, Жамбыл облысы полиция департаментінің, Төтенше жағдайлар департаментінің және Әуе қорғаныс ы күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс батальонының өкілдері де қатысуға үлкен дайындықпен келді. Қарулы Күштердің ардагерлері де шетте қалмады – олар қазіргі әскери қызметшілермен елеулі бәсекелестікке түсу үшін команда құрды.
Жарыстың ашылу салтанатында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Ержан Ибраев сөз сөйлеп, мерейтойлық мерекенің символдық сипатын атап өтті.
Мұнда күш құрылымдарының барлық өкілдерінің жиналғандығы жақсы ведомствоаралық өзара іс-қимылдың бар екендігін көрсетеді.
Осылайша «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының мерейтойлық мерекесі күш, шеберлік және нағыз армия бауырластығын көрсетуден басталды. Атыс бойынша ұйымдастырылған жарыстар мерейтойлық іс-шаралардың лайықты бастауы болды, әр түрлі ведомстволар арасындағы дайындықтың жоғары деңгейін және берік серіктестікті көрсетті.
Алда әскерилерді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 2 5 жылдық мерейтойы рәсімі салтанатты түрде атап өтілетін қазан айына дейінгі аралықта, үздіксіз жалғасатын мерекелік іс-шаралардың тұтас сериясы күтіп тұр.
Талғат ТАЛАПҰЛЫ