Білім

«Жасанды интеллект» – сабақ кестесінде

Өздеріңізге белгілі, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында цифрландыру мен жасанды интеллект мәселесі ең көп қамтылған тақырыптың бірі болды. Жолдаудың біріктіруші идеясы – цифрландыруды кең көлемде дамыту және жасанды интеллектіні жаппай енгізу.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы экономиканың түрлі салаларына цифрландыру мен жасанды интеллект құралдарын жеделдетіп енгізу міндетін жүктеді. Бұл қадамның барлығы жинақтала келіп, Қазақстанның жаңа Ұлттық цифрлық даму стратегиясына біріктіріледі.

Жалпы цифрландыру с аласында Қазақст анның кейбір елдермен салыстырғанда оқ бойы озық екені де анық. Бұл өз кезегінде мемлекеттің технологиялық тұрғыда тез дамуына оң әсер ететіні сөзсіз.

Осыған орай, өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз конференциясында Ш.Мұртаза атындағы Тараз халықаралық университетінің ректоры Махметғали Сарыбеков Президент тапсырмасына сәйкес, жоғарғы оқу орнында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарды баяндады. Әуелі аталған университет ректоры Жолдаудағы жеті тармаққа кезең-кезеңімен тоқталып, Президенттің шешімін түбегейлі қолдайтындығын жеткізді.

Ғалым өз сөзінде, бүгінде университеттің білім беру жүйесінде бірқатар өзгерістер жүргізіліп, «Жасанды интелект» пәні сабақ кестесіне енгізілгенін айтты. Сонымен бірге университеттің басты міндеті – жасанды интеллектіні қарқынды дамытып, оны пайдалана алатын, жүзеге асыратын білікті әрі сауатты мамандарды дайындау екенін баса айтты.

Брифинг соңында бұқаралық ақпарат құралдары спикерге көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, жан-жақты жауап алды.

 

Мақпал СҮЙІНБАЙ