Оңалтудан уақытылы өтсең – оң нәтижеге қол жеткізесің
Тараз қаласының көрікті жерлерінің бірі, таза ауа аясында, ерке де сылқым Талас өзені жағасында, ежелгі Тектұрмас биігінің етегіндегі облыстық оңалту орталығы ел-жұртқа 1996 жылдан бері керекті медициналық қызмет көрсетіп келеді. Келер жылы оның қызметіне 30 жыл толады екен. Әрине, аз уақыт емес. Кеңес одағы 90-шы жылдары ыдырап, көптеген салалық мекемелер, кәсіпорындар қызметін тоқтатып, тоқырауға тап болғаны белгілі. Біраз мекемелердің әртүрлі ғимараттары қаржының тапшылығынан қаңырап бос қалып, тіпті қараусыз қалғанына куә болғанбыз.
Міне, сол қиын-қыстау сәтті пайдаланып, еті тірі біраз «пысықайлар» бірнеше мекемелердің бос тұрған ғимараттарын өз жекеменшігіне айналдырып жатты. ДПО «Химпром» зауыты да жұмысын тоқтатып, банкротқа ұшырады. Оның Талас өзені жағасындағы жұмысшылар бір мезгіл емделіп-тынығатын тап-тұйнақтай, заман талабына сай профилакториясы керексіз болып шыға келді. Дап-дайын тұрған профилактория ғимаратына да көз салғандар табылды.
Сол жылдары облысымызды басқарған әкім Амалбек Тшанов дер кезінде орынды шешім қабылдап, профилакторияның ғимаратын аурушаң жас, нәзік сәбилер мен денсаулығы төмен аналардың денсаулығын жақсарту мақсатында пайдалануды ұсынды. Өйткені онда ол үшін қажетті физиотерапия, емдеу, оңалту жабдықтары дайын болды.
Мекемеге ежелден есімі елге таныс, ұлтымыздың мақтанышы, халық арасында ежелден сыйлы Нұрила ананың есімі, яғни «Домалақ ана» деген ат беріліп, облыста бірінші рет бала мен аналарды сауықтыру орталығы ашылды. Бұл өте құптарлық іс еді. Сол жылдары ауыл тұрғындарының тұрмыстіршілігі күрт төмендеп, ауылдың «аяғы ауыр» әйелдерінің басым көпшілігі қан аздықпен (анемия), асқазан-ішек, бүйрек ауруларымен жиі ауыратын.
Міне, соларды қолдау үшін, босануын жеңілдетіп, дүниеге дені сау ұрпақ алып келулері үшін мұндай орталық ауадай қажет еді. Оның алғашқы дәрігері іскер, тәжірибелі ұйымдастырушы Шарбат Болысбекқызы болды. Балалар мен аналарды кешенді оңалтуға арналған заманауи құрал-жабдықтармен жарақтауға облыс басшысы қол ұшын берді, керекті мамандар Алматыда дайындалды. Аудандардың ауылдық жерлерінен келген балалар мен аналарға оңалту қызметі көрсетіліп, барлық іс рет-ретімен толыққанды жүре бастады. Тіпті көрші аймақтардың дәрігерлері тәжірибе алмасуға келіп, жамбылдықтар бастаған қызметтің тиімділігін байқап, өз өңірлерінде де осындай оңалту орталықтарын ашуды қолға алды. Сөйтіп, жамбылдықтар өздерінің игілікті істерімен шалғай аудандарда тұратын аналар мен балаларға қажетті көмек алуына, олардың денсаулықтарын нығайтуға мүмкіншілік туғызды.
Артта қалған жылдарда, өткен уақытта бұл медициналық мекемеде қанша ана мен бала медицина қызметкерлерінің ерен еңбегі мен қамқорлығы арқасында денсаулықтарын жақсартып, сапалы өмірге оралды?! Облыс бойынша 45 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тіркелген. Қажетті арнайы оңалту құралдармен қамтамасыз ету және әлеуметтік қолдау мақсатында ағымдағы жылы 3,6 миллиард теңгеге тиісті бұйымдар алынуда. Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын бейімдеу шаралары да жүзеге асуда.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну мақсатында өңірімізде 21 медициналық-әлеуметтік мекеме жұмыс атқарады, онда 1689 азамат қызмет алуда. Атқарылатын қызметтерге 7 миллиард теңге қаржы қарастырылған. Қазіргі таңда Жамбыл облыстық оңалту орталығы болып саналатын бұл емдеу мекемесі облыс бойынша оңалту орталықтары арасында ең ірі орталықтардың бірі болып отыр. Бұл орталық медициналық оңалту көмегін көрсету арқылы мүгедектікті азайту, өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында балалар мен ересектердің функциялық қызметтерінің қалпына келуіне жағдай жасайды. Ол мақсатта орталықта қызмет ететін әр дәрігер мен орта буын қызметкерлері өз істеріне үлкен жауапкершілікпен қарап, әрдайым білімдерін арттырып, жаңа жетістіктерді меңгеруде.
Оңалтудың мақсаты: ауру немесе жарақат с алдарынан жоғалған денсаулықты ішінара немесе толық қалпына келтіру мақсатында оңалту іс-шараларын жүргізу. Науқастардың әлеуметтік ортаға біртіндеп бейімделуі. Түпкілікті нәтижеге қол жеткізудің оң мотивациясына ықпал ету. Қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту жіті аурулар мен жағдайларда, жарақаттарда, хирургиялық араласуларда, мүгедектерде, функциялары мен құрылымдары бұзылғанда, созылмалы аурулары бар балаларды оңалту, сонымен қатар адам денсаулығының функционалдық резервтерін көбейтуге бағытталған есірткіге жатпайтын әдістерді кешенді қолдануды қамтиды, оның оңтайлы көрсеткіштерін қалпына келтіру, ал анықталған аурулар болған кезде – тез қалпына келтіру, аурудың қайталануын болдырмау және науқастардың жұмыс қабілетін қалпына келтіру. Кешенді оңалту кезінде физиотерапия әдістері, физиотерапиялық жаттығулар, массаж, психотерапиялық көмек қолданылады.
Физиотерапия және оңалту бөлімшесінің мақсаты – пациенттердің өмір сүру сапасын жақсарту, олардың өмірін физиологиялық, әлеуметтік, рухани және кәсіби тұрғыдан дербес жалғастыруын қамтамасыз ету. МӘМС-тің қаржыландыруына сәйкес орталық бойынша ағымдағы 2025 жылы 5 айда барлығы 1154 адам оңалтудан өтсе, амбулаториялық оңалтудан 383 пациент өтті. Оның 534-і бала, ересектер саны 620 болды.
Медициналық оңалту негізінен 3 кезеңнен тұрады:
1) бірінші кезең – негізгі ауруды емдеу шеңберінде мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсететін стационарлардың (реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі немесе мамандандырылған бейінді бөлімше) жедел араласулары, жарақаттары кезінде, сондай-ақ жедел араласу кезінде медициналық оңалтуды жүргізу КП сәйкес;
Аурудың жіті, субакуталық кезеңдерінде, сондай-ақ жедел араласулар мен жарақаттар кезінде медициналық оңалту негізгі ауруды емдеу шеңберінде асқынулардың алдын алу және функционалдық қалпына келтіруді жеделдету үшін реабилитолог дәрігердің консультациясынан кейін мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсететін стационарлардың (реанимация және қарқынды терапия бөлімшелері немесе мамандандырылған бейінді бөлімше) құрылымдық бөлімшелерінде жүргізіледі.
Бірінші кезеңде іс-шараларды жүргізуді медициналық оңалту мәселелері бойынша оқудан өткен дәрігер оңалтушы және бейінді маман жүзеге асырады.
Негізгі ауруды медициналық оңалту өмірлік маңызды функцияларды тұрақтандырғаннан кейін жүзеге асырылады. Негізгі ауруды емдеу курсын және медициналық оңалтудың бірінші кезеңін аяқтаған кезде бейінді маман реабилитолог дәрігермен бірлесіп пациенттің әлеуетін айқындайды және алғаш рет белгіленген оңалту диагнозын, оңалту маршруттау шкаласы (бұдан әрі – ШРМ) бойынша пациенттің бағытын және пациентті шығару эпикризін рәсімдей отырып, оңалтудың келесі кезеңдеріне (екінші немесе үшінші) жіберуді қалыптастырады.
Пациенттерде емдеуге жатқызуға көрсеткіштер болмаған және стационарлық жағдайларда оңалтудың бірінші кезеңін жүргізу қажеттілігі болған кезде пациент медициналық көмек көрсетуден және негізгі ауруды емдеуді аяқтағаннан кейін оңалтудың екінші немесе үшінші кезеңіне жіберіледі.
Оңалту көмегін көрсететін медициналық ұйымда бейінді мамандар және оңалту дәрігерлері болмаған кезде ШРМ айқындау және оңалтудың жеке жоспарын әзірлеу МДМ немесе бейінді мамандардың, мамандандырылған оңалту медициналық ұйымдарының қатысуымен телемедицина жолымен қамтамасыз етіледі;
2) екінші кезең – медициналық оңалту бөлімшесінде немесе республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының, мамандандырылған оңалту орталықтарының оңалту төсектерінде стационарлық (тәулік бойы) жағдайларда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық, медициналық көмек көрсету кезінде аурудың немесе жарақаттың алғашқы 6 айы ішінде жіті және ерте қалпына келтіру кезеңдерінде және ауру ағымының қалдық құбылыстары кезеңінде медициналық оңалтуды жүргізу, күніне кемінде 3 сағат ұзақтығы бар көп бейінді стационарлар;
Медициналық оңалту мамандандырылған бөлімшелерде немесе республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының оңалту төсектерінде, мамандандырылған оңалту орталықтарында, көпбейінді стационарларда жүргізіледі.
Екінші кезең аурудың басталуынан бастап 9 ай ішінде мультидисциплинарлық топ (бұдан әрі – МДГ) мамандарының қатысуымен жұмыс істеудің халықаралық сыныптамасының критерийлері, тыныс-тіршілігі мен денсаулығының шектеулері (бұдан әрі – мкФ) негізінде нозологияға, пациенттің жай-күйінің ауырлық дәрежесіне, биоәлеуметтік функцияның бұзылуына (бұдан әріБСФ) байланысты емдеу (жедел араласулар) ұзақтығымен өткізіледі). Емдеудің бір курсының ұзақтығы және екінші ке зеңі оңа лтушы дәрігердің немесе ШРМ бойынша МДГ, мкФ критерийлері бойынша, пациенттің жай-күйінің ауырлық дәрежесі бойынша анықталады.
Екінші кезеңде бірнеше медициналық оңалту курстарын өткізген кезде әр курс жаңа жағдай болып саналады. Екінші кезең курстары арасындағы интервалдың ұзақтығы кемінде 30 күнді құрайды. Бірінші кезеңнен кейін пациентті бір медициналық ұйымның шегінде бейінді бөлімшеден оңалту бөлімшесіне, бір медициналық ұйымнан екіншісіне ауыстыру кезінде медициналық оңалтудың екінші кезеңін жүргізу үшін оны оңалтудың жаңа жағдайы деп санауға міндетті. Пациенттерде мамандандырылған бөлімшелерде немесе оңалту төсектерінде, денсаулық сақтау ұйымдарында, мамандандырылған оңалту орталықтарында, көпбейінді стационарларда оңалтудың екінші кезеңін жүргізуге көрсеткіштер болмаған кезде пациент негізгі ауруды емдеу аяқталғаннан кейін оңалтудың үшінші кезеңіне жіберіледі.
Медициналық оңалтудың екінші кезеңіне жолдама жасау кезінде ақпараттық жүйеде қосарланған кодтау пайдаланылады:
негізгі диагноз ретінде операцияның коды көрсетіледі;
нақтылайтын диагноз – осы қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес XXI класс (Z) тізбесіндегі код.
3) үшінші кезең – алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету кезінде, амбулаториялықемханалық ұйымдарда, күндізгі стационарларда, оңалту орталықтарының, санаторийлердің тәулік бойы жұмыс істейтін стационарларында, сондай-ақ үйдегі стационарларда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету кезінде медициналық оңалтуды жүргізу, оның ішінде қашықтықтан медициналық қызмет көрсету арқылы. Ол негізгі ауруды емдеу аяқталғаннан кейін, туа біткен ауруларда және ICF критерийлерін бағалағаннан кейін BSF сақталған кезде жүзеге асырылады. Пациент осы қағидаларға, қосымшаларға сәйкес ШРМ сәйкес медициналық оңалтудың үшінші кезеңін алады.
Үшінші кезеңдегі медициналық оңалту амбулаториялық-емханалық ұйымдарда, күндізгі стационарларда, тәулік бойғы стационарларда, оңалту орталықтарында, санаторий-курорттық ұйымдарда, үйдегі стационарларда, оның ішінде қашықтықтан медициналық қызмет көрсету арқылы жүргізіледі.
Көп жылғы тәжірибемізге сүйене отырып айтарымыз, егер пациент дер кезінде медициналық оңалтудан сапалы өтсе адам бойында байқалған физиологиялық кемшілік-ақаулар бірте-бірте қалпына келіп, өмір сүру сапасы жақсара түседі. Сол үшін уақытты созбай, қажет болып тұрғанда оңалту орталықтарының көмегіне жүгініңіздер.
Сағындық ОРДАБЕКОВ
медицина ғылымдарының докторы, профессор, денсаулық сақтау ісінің үздігі.
Тараз қаласы