Саясат

Көлік-логистикасының дамуы – жүк тасымалын арттырады

Президенттің Жолдауы жамбылдық теміржолшыларға да жұмыс қарқынын арттыруға меже бекітіп бергендей болды. Салада қозғалыс қауіпсіздігін еңсеруде табанды еңбек етіп жүрген өңірдегі болат жолдың майталмандары Мемлекет басшысының «Көлік-логистиканы одан әрі дамыту керек» деген төртінші тармағында елімізде транзиттік әлеуетін арттыруға зор мүмкіндіктің бар екендігі жайында айтылған міндеттемелерді іспен дәлелдемек.