Игі бастама жалғасын тапты
Amanat партиясының Жамбыл облыстық филиалы Тараз қаласының «Тектұрмас» этномәдени кешенінде «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын ұйымдастырды. Іс-шараға облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері, «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері мен партия қызметкерлері қатысты.
Акция барысында 50-ден астам қатысушы «Тектұрмас» кесенесінің маңын қоқыстан тазартып, айналаны абаттандыруға атсалысты. Шара тұрғындарды қоршаған ортаны таза ұстауға шақыру мақсатында ұйымдастырылды.
Айта кетейік, атаулы бастама Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында жүзеге асырылуда. Amanat партиясы өткен жылдан бері «Таза бейсенбі» эко-акциясын тұрақты түрде өткізіп келеді.
Биыл өңірде акцияға 1600-ден астам сала мамандары мен партия мүшелері қатысып, 29 тоннадан астам қалдық жиналды. Amanat партиясы облыстық филиалы алдағы уақыттары да осындай экологиялық шараларды ұйымдастырып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлесін қоса бермек.
Aq jol-Aqparat.