Берекелі шаңырақ – ел бірлігі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Қазақстан халқына жариялаған Жолдауында әр шаңыраққа шырай берген жандарды адал еңбекке, жақсы қасиеттерге шақырды. Себебі әр отбасы берекелі болса – мемлекеттің байлығы.
Отбасы күні қарсаңында Тараз қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» атты форум өтті. Форум жұмысын Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ұлана Сламбекова ашып берді.
Марапат алған отбасылар арасында Сергей Егембердиев, Берік Жорабеков, Пернеш Досжанова және Абдуалиевтер мен Жақсылықовтар отбасы да бар. «Жас ұрпаққа ұзақ жылдан бері білім беріп келемін. Бала да, шәкірт те тәрбиелеп отырмыз. Тәртіп жағына да мән береміз. Марапат үшін өте қуаныштымын», – деді үлгілі отбасының мүшесі Пернеш Досжанова.
Мұнан соң өнерлі Жорабековтер отбасы әннен шашу шашып, өнерлерін көрсетті. Ы.Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық мәдениет үйінің Гүлдерайым Нұрмолдаева бастаған әншілері сахнаның көркін кіргізді.
Есет ДОСАЛЫ
Тараз қаласы