Жасанды интеллектіні енгізу нақты нәтижеге бағытталуы тиіс – Бектенов
Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен Цифрлық штабтың отырысы өтті. Онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойған міндеттерге назар аударылды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz