Қола дәуірінен бері қолдан түспеген құмыра
Аудандық тарихи-өлкетану музейінде құнды жәдігерлер аз емес. Солардың бірі VII-Х ғасырларға жататын қыштан жасалған құмыра ыдыс. Бұл жәдігер Құлан маңындағы қазба жұмыстары кезінде табылып отыр. Ғасырлар бойы сақталған зат көпшілік назарын аударатыны анық.
Бұл қыштан жасалған ыдысты аталған музейге аудан әкімінің орынбасары кезінде Әлібек Терлікбаев тапсырған.
Аталған жәдігер қола дәуіріне жатады. Отандық археология тарихында қола дәуіріндегі заттай ескерткіштерді зерттеуде белгілі бір дәрежеде жетістіктерге қол жеткізілді. Қыш ыдыстарды зерттей отырып, ертедегі тұрғындардың түрлі топтарының өзара қатынасын, ауысуын, шаруашылық әрекеттерінің ерекшеліктерін, дүние танымдарының кейбір қырларын, археологиялық мәдениеттерінің туыстастығы мен олардың шығу тегін зерделеуге болады. VII-Х ғасырға жататын қыштан жасалған ыдыс аудандық музей сөресіне қойылды.
Есет ДОСАЛЫ
Т. Рысқұлов ауданы