Спорт және туризм

«DASTAN CUP» облыстық турнирі мәресіне жетті

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің подполковнигі Дастан Әділбайды еске алуға арналған күш құрылымдары, құқық қорғау және мемлекеттік органдар арасында ұйымдастырылған «Dastan Cup» облыстық турнирі өз мәресіне жетті.

Атаулы турнир – ерлік пен ада лдықтың үлгісін қалдырған Дастан Әділбайұлын е ске а лу ғана емес, сонымен бірге спорт арқылы ынтымақ пен достықты нығайтатын маңызды шара болып табылады.

Турнир чемпионы атағын 11 команда сарапқа салды. Жарыс қорытындысы бойынша I орыннан ҚР ҰҚК ЖД көрінсе, II орыннан Қорғаныс министрлігінің «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы көрінді. Ал жүлделі III орын облыстық төтенше жағдайлар департаментіне бұйырды.

Қоян-қолтық ұрыстан аймақтың ашық чемпионаты

Күштік құрылымдар арасында қоян-қолтық ұрыстан Жамбыл облысының ашық чемпионаты аяқталды. Алдында Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында жарыстың ресми ашылу салтанаты ұйымдастырылды.

Ресми шараны облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов ашып, қатысушы спортшыларға ізгі тілегін білдіріп, сәтттілік тіледі. Жалпы жарысқа Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысы бойынша департаменті, ҚР Қарулы Күшерінің «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы, Жамбыл облысының полиция департаменті, ҚР ҰҮ 5513 әскери бөлімі, Қылмыстық атқару жүйесі департаменті, Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі, Төтенше жағдайлар департаменті, Мемлекеттік күзет қызметі басқармасы және облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің командаларының спортшылары қатысып, өзара мықтыларды анықтады.

Нәтижесінде командалық есеп бойынша 1 орынды «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы иеленсе, 2 орынды облыстық полиция департаменті иеленді. Ал жүлделі 3 орыннан облыстық әскери полиция басқармасы көрінді.

 

Aq jol-Aqparat.