Жасанды интеллект – өркениет көшінде
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әр жылғы Жолдауларында ел экономикасы мен әл-ауқатының артуына басымдықтар беріліп келеді. Биылғы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» Жолдауы да көп мәселенің түйінін тарқатқандай. Атап айтар болсақ, Президент: «Қазір жастар үшін жаңашылдық пен патриотизм маңызды. Отанға деген сүйіспеншілігін олар қоғамға пайдалы тың бастамалар мен жаңа істерін ашып, жаңашылдық бағытпен келіп отырғанымен көрсетуде. Мен жастардың бұл бастамасын қолдаймын. Жастардың таланты мен біліміне сенемін», – деді.
Сондай-ақ бүгінгі күні еліміздің әр аумағынан Астанаға көш түзеген тұрғындардың қатары көбейгендігін де тілге тиек етті. Яғни, тұрғылықты жері бойынша жастарға қолдау бар, дегенмен интеллектуал жастарды қолдайтын болсақ, олардың білім мен біліктілігін аймақтардың өсуөркендеу жолына бағыттасақ тың бастамалар өмірге келері анық.
Президент алдағы үш жылда Қазақстан «Цифрлық мемлекетке» айналатындығын сөзге тиек етті. Бүгінде Жасанды интеллектінің барлық салада қарқынды көрінуі осы істерге бастама болып тұр. Бұл бағытта білімді жастардың үлесі де көп болып, тиімді жобалар ұсынатынына сенімдімін. Жастар ел болашағы – ел әлеуетін көтеретін күш! Тәртіп бар жерде өнеге де бар.
Президент қоғамдағы келеңсіз оқиғалардың көбейіп кеткенін де айтып өтті. Өзім дәрігер болған соң бұл жағдайдан хабардармын. Президент дәрігерлердің еңбегі қиын да, қызықты екенін айтып, дәрігер мәртебесін көтеруді алдыңғы орынға шығару керектігін көтерді. Соңғы кезде, дәрігерлерге шабуылдың көбеюі көңілді қынжылтады.
Бірде қабылдау бөлімінде қақтығысу болса, енді бірде үйге шақырумен келген дәрігерге жарақат салғандар жиілеп кеткен. Құқықбұзушылыққа қарсы тұру да сөз болды. Дөрекі сөйлеу, жаға жыртысу көбеюде. Солардың ішінде әйелдер де кездесетіні айтылды. Мұндай жағымсыз әдеттен арылу керек.
Яғни, Президент бастамасына қоғам үн қосу керек. Қазір Қазақстан әлемдік аренада өзге мемлекеттер қатарында дамып келе жатқан іргелі мемлекеттердің бірі. Сыртқы және ішкі саяси, экономикалық байланыста өз келбетін танытып отыр.
Президент:
Бұл жаһандану дәуіріндегі Қазақстанның даңғыл жолын айқындай түсетіні анық.
Мұрат БЕРДАЛИЕВ
Тараз қалалық мәслихатының депутаты.