Мәдениет

Ертегілер еліне саяхат жасады

Балалар жазушысы, қазақтың көрнекті ақыны Өтебай Тұрманжановтың 120 жылдығына орай «Ертегі еліктіре ертеді» мерекелік кеші өтті.

Іс-шараны облыс әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Жадыра Құттыбаева ашып, қаламгердің шығармашылық жолына тоқталды. Кездесуді Тараз қаласындағы № 13 бөбекжай-бақшасы «Ара» биімен бастап, «Аңғал бұғы, алдамшы түлкі, аң патшасы» атты ертегісінен көрініс қойды.

Көне шаһарымыздағы №8 гимназияның 4-сынып оқырмандарының қатысуымен «Құмырсқалар, аралар – қиыспас дос, құдалар» атты ертегісінен көрініс қойылып, ақынның әндері орындалып, өлеңдері оқылады.

Кітапхана қызметкерлері Өтебай Тұрманжановтың «Аңқау қасқыр» атты ертегісін көпшілік назарына ұсынды. Әдеби кеште белгілі қаламгерлер, балаларға базарлық сыйлап жүрген Бақытжан Советұлы мен Марат Құлибайұлы сөз алды.

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Рысты Керімбаева сараптамасынан Тұрманжановтың тағылымды бейнесі ашыла түсті.

Кітапхананың тұрақты оқырмандары үшін «Балаларға базарлық» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, Өтебай Тұрманжановтың «Пулемет», «Сұңқар түлектер», «Жауқазын», «Құралай», «Ұршық», «Ең бақытты адам» және «Құмырсқалар, аралар» атты кітап жинақтары ұсынылды.

Балалардың кітапқа деген қызығушылығын тудыратын қазақ ертегілері мен танымдық энциклопедиялар қойылды. Іс-шараны Д.Қонаев атындағы балалар және жасөспірімдер кітапханасының директоры Гүлфайруз Іңкәрбекова қорытындылап , қонақт арға а лғысын білдірді.

 

Есет ДОСАЛЫ