Жаңалықтар

Маңызды құжатқа қол қойылды

ҚазҰСШИУ ректоры Камшат Түсіпова мен Қытайдың Солтүстік Су ресурстары және электроэнергетика университетінің (NCWU) президенті, профессор Лю Цзюньго екіжақты Қытай – Қазақстан бірлескен зертханасын құру туралы келісімге қол қойды.

Зертхана «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясында су ресурстары мен су қауіптері саласында ғылыми зерттеулер жүргізетін болады. Негізгі мақсат – су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және орнықты даму жолында екі елдің ғылыми-технологиялық әлеуетін арттыру.

Бірлескен орталықтың басты бағыттары: су ресурстары саласында зерттеулер жүргізу; әлеуетті арттыру мақсатында оқытушылар мен студенттер алмасу; бірлесе PhD дайындау; Халықаралық гидрологиялық ғылымдар қауымдастығының (IAHS) конференцияларын өткізу.

Сонымен қатар зертхана гидрологиялық және жерасты суларының моделдеуін дамытып, ауыл шаруашылығы мен ауыз суды басқаруда шешім қабылдау құралдарын әзірлеуге, сондай-ақ су ресурстарын зерттеуде жасанды интеллектіні қолдануға басымдық береді.

 

Aq jol-Aqparat.