Ең үлкен марапат – елдің тыныштығы
Бүгінгі таңда Қордай ауданында 30-дан аса ұлт пен ұлыстың өкілдері қоныстанған. Ал бірер күн бұрын мұнда Президент тапсырмасы аясында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Алғашқы сессияға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қатысып, аталған құрылым этносаралық саладағы түйткілді мәселелерді оңтайлы шешуге оң ықпал ететініне сенім білдірді. Сессияны аудан әкімі Бегзат Болатбеков жүргізіп отырды. Аймақ басшысы өз сөзінде Ассамблея қашанда барша азаматтарды ортақ құндылықтар мен биік мақсаттарға жұмылдыратын жалпыхалықтық орган ретінде жұмыс істеуі қажеттігін атап өтті.