Басты жаңалық

Ерболат Садырбаев ТЖ вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ерболат Садырбаев төтенше жағдайлар вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Ерболат Алтынбекұлы әр жылдары ҚР Президенті іс басқармасы басшысының кеңесшісі, Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімінің орынбасары, ҚР өңірлік даму министрінің кеңесшісі, Алматы қалалық сотының Кеңсе меңгерушісінің орынбасары, «Самрұқ-Қазына» Қорының Әлеуметтік өзара әрекеттесу және комуникациялар орталығының басшысының орынбасары, «Қазпошта» АҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры, ҚР Президенті іс басқармасы Мемлекеттік дирекция директорының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды. 

Айта кетейік, 43 жасар вице-министр Жамбыл облысының тумасы.