Жамбылда не жаңалық?

Тараздықтардың рухын тасытқан шара

Тараз қаласындағы Тұңғыш Президент саябағында Тараз қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына орай «Айбары асқақ – Ата заң» атты мерекелік іс-шара өтті. Мұнда жиналған көпшіліктің жүзінен Конституция күніне шаттанған жоғары көңіл күйді байқадық.

Іс-шарада Абай атындағы Тараз қалалық кітапханалар жүйесі тақырыптық кітап көрмесін көпшілік назарына ұсынса, қолөнер шеберлерінің көрмесі де көркемдігімен көз тартты. Қала тұрғындары арасында асық ату, ләңгі тебу, арқан тарту, гір тасын көтеру және тағы басқа спорт түрлерінен жарыст ар ұйымдастырылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер сыйлыққа да ие болды.

Жастардың бойында отаншылдыққа, Конституцияны құрметтеуге деген патриоттық сезімдер оянғаны анық. Іс-шара барысында Ы.Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық әндер шырқап, тарихы мың жылдықтардан тамыр тартқан шаһар жұртшылығына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

 

Есет ДОСАЛЫ

Тараз қаласы