Табысы тасыған Талас
Тарихы тереңнен тамыр тартқан Талас ауданында игі шаралар, табысты жобалар жүзеге асып келеді. Ауданның экономикасына көңіл бөлінумен қатар әлеуметтік жағдайларға да назар аударылуда. Өздерінің уәждері жауаптыларға жетіп, мәселелері шешілгеніне тұрғындар да дән риза. Өнеркәсіп өнімдері бойынша 18,9 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, өңдеу өнеркәсібінің көлемі 12 миллиард теңгеге жеткен. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 17,4 миллиард теңге болса, жеке және шағын кәсіпорындардағы бөлшек сауда тауар айналымы 2,5 миллиард теңгені құрапты. Бұл игіліктің барлығы ауданда жүйелі жұмыстардың жүзеге асып жатқанын байқатады. Ауданға инвестиция тарту және жаңа жұмыс орнын ашу бағытында елеулі жұмыстар жоспарлы түрде жүзеге асырылуда. Осыған байланысты, 2023-2027 жылдары құны 31,2 миллиард теңгені құрайтын 4 ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру межеленген.
Төрт түлік 4 пайызға артқан
Ауданда 3 мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі бірыңғай кешенді және «Кең дала», «Агробизне с» бағдарламалары тиімділігін көрсетуде. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі бірыңғай кешенді бағдарламасының «пайыздық ставканы субсидиялау» бағыты бойынша Қаратау қаласында құны 127 миллион теңгені құрайтын 5 жоба жүзеге асырылды.
Ауыл шаруашылығында да оңға басу байқалады. Жалпы мал 457514 басты құрап, 17440 басқа өскен немесе 4 пайызға артқан. 6300,5 тонна мал мен құс еті, 3154,9 тонна сүт өнімдері өндіріліп отыр.
Бүгінгі таңда 2025 жылдың өнімі үшін барлығы 12 145 гектар (2024 жылы 11 648 гектар) алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылыпты. Оның ішінде, күздік бидай 4500 гектар және бұрынғы жылдардағы көпжылдық шөп 4125 гектарды құрағаны – ел игілігі. Көктем айларында 3807 гектар жерге дақылдар егілгені белгілі.
Атап айтқанда, 1050 гектар жаздық арпа, 347 гектар жүгері, 840 гектар мақсары, 10 гектар күнбағыс, 100 гектар картоп, 275 гектар бақша, 165 гектар көкөніс, 25 гектар пияз, 85 гектар қызылша және 910 гектар көпжылдық шөп егілгені – диқандардың дамылсыз еңбегі.
Жұмыстың жемісті болуы жаңа техникаға байланысты
Ауданда 2025 жылы барлығы 812 дана ауыл шаруашылығы техникалары, оның ішінде, 7 бірлік астық комбайны, 323 бірлік трактор, 482 бірлік басқа қосалқы агрегаттар тіркелген. 2025 жылға 53 бірлік (6,5 пайыз) ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау жоспарланған болатын. Ағымдағы жылдың 6 айында 288,8 миллион теңгеге 10 трактор, 1 комбайн және 9 бірлік басқа да агрегаттар сатып алынып, жаңа техникалар қатары молая түсті.
Биылғы жылға 519 гектар егіс көлемі тамшылатып, жаңбырлатып суару әдісімен және лазерлі тегістеуішпен егіліпті. Оның ішінде: «Зерхат» шаруа қожалығы – 190, «Рәтбек» шаруа қожалығы – 35, «Нұрдаулет» шаруа қожалығы – 100, «Демеш» шаруа қожалығы – 55, «Мирас» 10 гектар алқапты игеріп отыр.
Лазерлі жер тегістеу бойынша 129 гектар алқап қамтылған. «Ауыл аманаты» жобасының 5-бағыты бойынша, бүгінгі күнге Қарат ау қа ласы мен ауылдық округтерден 341,6 миллион теңгені құрайтын 48 жоба жинақталып, ауыл шаруашылығы басқармасына ұсынылып, 197,4 миллион теңгені құрайтын 29 жоба қолдау тауып, қаражаты берілді. Қалған жобалар шілде айынан бастап қаржыландырылатын болады.
Құрылыс саласы қарқынды
Құрылыс саласы бойынша Қаратау қаласы А.Шейн көшесі №15 нысандағы қонақ үйді әкімшілік нысан ретінде қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджеттен 600 миллион теңге бөлініп, қосымша 1 миллиард теңгенің облыстық бюджеттен бөлінуі күтілуде. Мердігер – «Агро Спец Строй» ЖШС.
Бүгінгі күнге нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде. 2025 жылы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар саны 1248 адамды құрапты. Ауданда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамту бойынша біршама жұмыстар атқарылып, 2024 жылы қайта жаңғыртылған 185 пәтерді құрайтын үш көпқабатты тұрғын үй сатып алынды.
Бүгінгі таңда тұрғын үйлердегі пәтерлерді кезекте тұрған азаматтарға табыстау жұмыстары жүргізілуде.
Жарқын жоба – жұрттың бағы
«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында аудандағы С.Шәкіров ауылындағы 4, Аққұм ауылындағы 3, Ойық ауылындағы 1, Ақкөл ауылындағы 2, Бостандық ауылындағы 2 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 212,4 миллион теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар Ойық ауылындағы мәдениет үйінің ғимаратын қайта жаңғыртуға 111,1 миллион теңге және Үшарал ауылындағы мәдениет үйінің ғимаратын қайта жаңғыртуға 141,2 миллион теңге бөлініпті. Мердігер – «Компания Сырым Блеке» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Бүгінгі күнге нысандар бойынша жобалық-сметалық құжаттамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде. Нысандар 2026 жылға өтпелі. Қазіргі танда ауданда 23 елді мекеннің 20-сы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. 2025 жылы Қожағаппар, Сейілбек елді мекендерінде су құбырының құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, халық игілігіне берілді. Қараой ауылында су құбырының құрылыс жұмыстарын аяқтауға 267,2 миллион теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Арал және Қайыр ауылдарын сумен жабдықтауға арналған модульдік контейнерлік блоктарын орнатуға облыстық бюджеттен 72,4 миллион теңге бөлініп, жұмыстар жалғасуда.
Ауданда 17 елдімекен (15100 адам) газдандырылған. Ол 15100 адам көгілдір отынның алауын жағып отыр деген сөз. 2027 жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу көзделіп отыр.
Жол мұраты – жету
Аудан аумағында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 587,59 шақырымды құрайды. Оның ішінде, 394,1 шақырымы облыстық, 193,49 шақырымы аудандық маңызы бар жолдар. Ағымдағы жылы қала және елді мекендердегі көшелерді орташа жөндеуге аудандық бюджеттен жалпы 868,1 миллион теңге қаражат бөлініпті.
Қаратау қаласында 10 көшені орташа жөндеуге аудандық бюджеттен 329,6 миллион теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілгенін білеміз. Мердігер – «Тараз Көлік Жолы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Майтөбе, Қызыләуіт, Есейхан ауылдарында 8 ауылішілік көшелерді орташа жөндеуге аудандық бюджеттен 253,5 миллион теңге бөлініп, бүгінгі күнге жөндеу жұмыстары аяқталды. Көктал, Тамабек ауылдарында 7 ауылішілік көшелерді орташа жөндеуге аудандық бюджеттен 179,5 миллион теңге бөлініп, бүгінгі күнге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Мердігер – «Тараз Көлік Жолы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Сонымен қатар Бөлтірік шешен ауылында 1 көшені орташа жөндеуге аудандық бюджеттен 105,5 миллион теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.
Қаратау қаласындағы Панфилов, Тамды Әулие, Арбатас көшелерінің автомобиль жолдарын қайта жаңғыртуға 2025 жылға республикалық және облыстық бюджеттен 696,4 миллион теңге бөлінгені қаратаулықтарды үлкен қуанышқа бөлеп отыр.
Есет ДОСАЛЫ