Хабарландыру

Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 22-бабына және 2025 жылғы 26 қазанға тағайындалған №9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жамбыл облыстық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі ісшаралардың күнтізбелік жоспарының 1-тармағына сәйкес, Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы аумақтық және округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері мен с айлау округтерінің шекаралары туралы хабарлайды:

Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері

(Тараз қаласы, Төле би даңғылы, 35).

Жамбыл облыстық мәслихаты депутатын сайлау жөніндегі №9 округтік сайлау комиссиясы Комиссияның орналасқан жері: Жамбыл ауданы, Аса ауылы, Абай көшесі №22.

Жамбыл ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ. Шекаралары: Жамбыл ауданының Қаракемер, Қарасу, Көлқайнар, Аса, Бесағаш, Гродиково, Жамбыл, Қызылқайнар ауылдық округтері және Тараз қаласының Ақбұлым, Шайқорық, Жалпақтөбе, Сұлутөр және Түркісіб алабтарының шекаралары кіреді, сайлау учаскелерінің жалпы саны – 25 (жиырма бес).