Еңбек адамы

Күндіз де, түнде де қауіпсіздік қызметінде...

Биыл еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі 30 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осы жылдар ішінде ведомство ұлттық қауіпсіздік жүйесінің маңызды буынына айналып, төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою бойынша маңызды міндеттерді абыроймен атқарып келеді. Отыз жыл ішінде ТЖМ қызметкерлері кәсіби біліктілігімен, тәртібімен және борышына адалдығымен халық пен мемлекетті түрлі сипаттағы қатерлерден тиімді қорғай алатынын дәлелдеді. Ендеше министрліктің мерейтойы – бұл тек тарихи белес қана емес, сонымен қатар ел қауіпсіздігін нығайтып, адамдардың өмірін сақтап келе жатқан барлық құтқарушылардың еңбегін мойындау болып табылады.

АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЮДА

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және тәжірибе алмасу жұмыстарын жандандырды. Шетелдік әріптестермен қол қойылған маңызды келісімдер төтенше жағдайларға ден қоюдың тиімділігін арттыруға, озық технологияларды енгізуге және ғылыми-техникалық әлеуетті дамытуға бағытталған.

Мәселен 10 сәуірде Қазақстан мен Ресейдің Төтенше жағдайлар министрліктері арасында өзара іс-қимыл және ақпарат алмасуды ұйымдастыру туралы регламентке қол қойылған болатын. Шұғыл деректермен алмасу және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарды үйлестіру тәртібін айқындайтын бұл құжат бірле скен ден қою шараларының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. 16 маусымда ТЖМ, Алматы қаласының әкімдігі мен ҚХР жер сілкінісі әкімшілігі арасында сейсмикалық тәуекелдерді азайту, ғылыми-техникалық ынтымқтастықты дамыту саласындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бішкек қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының 11-ші саммиті аясында қол қойылған ТМҰ азаматтық қорғаныс механизмін құру туралы келісімді ратификациялау бойынша мемлекетішілік рәсімдер жүргізілуде. Бұл құжат төтенше жағдайларға бірлесіп ден қою әлеуетін қалыптастыруды, құтқару бөлімшелерінің кәсіби даярлық деңгейін арттыруды және қатысушы мемлекеттерге де, басқа елдерге де көмек көрсету мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейді. Халықаралық әріпте стікті дамыту аясында Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері  ҰҚШҰ, ТМД, ТМҰ, ХАҚҰ, сондай-ақ «Орталық Азия – Қытай» форматындағы іс-шараларға қатысты. 70-тен астам маман заманауи құтқару операцияларын ұйымдастыру және төтенше жағдайлар кезінде өзара іс-қимыл жасау тәсілдерін меңгеріп, біліктілігін арттырды.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғау саласындағы халықаралық әріптестікті нығайтуды жалғастыруда. Бұл төтенше жағдайларға ден қоюға дайындық деңгейін арттыруға, сондай-ақ табиғи және техногендік апаттардың салдарын азайтуға мүмкіндік береді.

 АВИАЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША СЕРІКТЕСТІКТІ КЕҢЕЙТУГЕ КЕЛІСТІ

Астанада Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Шыңғыс Әрінов «Эйрбас Хеликоптерс Казахстан инжиниринг» ЖШС бас директоры Себастьян Сен Шабомен кездесті. Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан ТЖМ жедел қызметінде қолданылатын тікұшақ техникаларын пайдалану және техникалық қызмет көрсету саласындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Әсіресе «Қазавиақұтқару» АҚ ұшқыштарын түнгі ұшуларға оқыту және оларды халықаралық стандарттарға сәйкес сертификаттау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл шектеулі көріну жағдайларында құтқару операцияларының тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Минстр жедел ден қоюға дайындықты арттыру бағдарламасы аясында еліміздің 20 өңірінде авиажасақтар құру бастамасы жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Бұл жоба ТЖМ авиациясының құтқару операцияларын жүргізу, өрт сөндіру және санитарлық авиацияны қамтамасыз ету мүмкіндіктерін нығайтуға мүмкіндік береді. Тараптар серіктестікті кеңейтуге, инженерлік шешімдерді дамытуға және авиациялық қауіпсіздік саласында тәжірибе алмасуға дайын екендіктерін білдірді.

ҚҰТҚАРУШЫЛАР AITU ҰЛТТЫҚ МЕССЕНДЖЕРІН ҚОЛДАНА БАСТАДЫ

Еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі қызметтік байланыс үшін Aitu ұлттық мессенджерін енгізді. Суперқосымшаны пайдалану қызметкерлерге ақпаратпен жылдам алмасуға және күнделікті жұмыста ісқимылды тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді.

«112 kz  ресми Aitu арнасы құрылды, онда ведомствоның қызметі туралы жаңалықтар, ескертулер мен материалдар жарияланатын болады. Бұл мессенджер қолданушыларына құтқару қызметтерінен тікелей сенімді ақпарат алуға жол ашады», – дейді министрліктің ресми өкілі Динара Нұрғалиева.

Aitu-ды қолдану ТЖМ цифрлық трансформациясындағы маңызды қадам болып, қоғамның мемлекеттік онлайн қызметтерге деген сенімін нығайтады.

ЕГІН ЖИНАУ КЕЗІНДЕГІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАҒИДАЛАРЫН БІЛГЕН ЖӨН

Бүгінде республикада маңызды науқан – егін жинау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қабылдануда.

Мәселен Төтенше жағдайлар министрлігінің ұйымдастыруымен егін жинау барысында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, қорғаныш жолақтарды жасау, ұшқын сөндіргіштермен жабдықталмаған техниканың егіс алқаптарына кіруіне жол бермеу мәселелері бойынша 1900-дей дөңгелек үстел өткізілген. Ел аумағындағы егістік алқаптар жалпы ұзындығы 19 мың километр минералдандырылған жолақтармен қамтамасыз етілді. ТЖМ аумақтық бөлімшелері 100 мыңдай жұмысшыны қамти отырып, 15 мыңнан астам өртке қарсы нұсқама өткізген.

Өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес егін егу және ору науқаны басталар алдында барлық қатысушы тұлғалар өртке қарсы нұсқамадан өтеді. Жинау агрегаттары мен автокөліктердің әрқайсысы көлемі кемінде 5 литр болатын екі өрт сөндіргішпен жабдықталады, ұшқын сөндіргіштері жарамды күйде болуы тиіс, сондай-ақ жанармай беру, оталу және майлау жүйелері ретке келтіріледі.

Ауыл шаруашылығы алқаптарында және жайылымдарда шөп шабу жұмыстары жүргізілген кезде шөптесін өсімдіктердің жануын болдырмау мақсатында шөп шабумен айналысатын тұлғаларға өрт болған жағдайда жану аймағын жырту үшін соқа тіркелген тракторды қолдану, сондай-ақ өрт сөндіру құралдарын пайдалану ұсынылады. Бұл құралдарға кемінде 5 текшеметр көлеміндегі тіркемелі суға арналған ыдыс немесе арнайы бейімделген техника, өрт сөндіргіштер, күректер, өрт сөндіру хлопушкалары жатады.

Ауыл шаруашылығы техникасының кабинасы мен жүк бөлігінде жанғыш заттарды сақтауға және тасымалдауға жол берілмейді. Техниканың мотор бөлігі, тораптары мен агрегаттарының бөліктері таза күйде ұсталуы тиіс, жанармайдың немесе майдың ағуы анықталған жағдайда, ол дереу жойылуы қажет. Егін, астық жинау және мал азығын дайындау науқаны кезінде тракторлардың, өздігінен жүретін шассилердің және капоты жоқ немесе капоты ашық автокөліктердің жұмыс істеуіне, қозғалтқыш радиаторларындағы шаңды күйдіру үшін дәнекерлеу шамдарын қолдануға, дала жағдайында түнгі уақытта автомашиналарға жанармай құюға, жанып тұрған сіріңке немесе ашық отпен бактағы немесе цистернадағы жанармайдың бар-жоғын тексеруге және жарамды ұшқын сөндіргіштерсіз ауыл шаруашылығы техникасының жұмыс істеуіне жол берілмейді.

Өрт қауіпті кезеңдегі өрт қаупінің жоғары класы кезінде жердің барлық санаттарында құрғақ шөптесін өсімдіктер мен егін жинағаннан кейінгі қалдықтарды өртеуге жол берілмейді. Сонымен қатар тұрғындар тұрғын үй ауласында шөп сақтау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауы қажет.

НҰРИСЛАМ МЕН БАҚДӘУЛЕТ – ОТ ЖАУЫНГЕРЛЕРІНІҢ ЖАҢА БУЫНЫ

Бүгінде облыстың азаматтық қорғау саласында көптеген жас буын қалыптасып келеді. Солардың қатарында Қордай ауданындағы №15 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Нұрислам Жұмахан да бар. Жас болсада тәжірибелі офицер ретінде ол аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, абыроймен қызмет атқарып жүр. Өзінің кәсіби жолын Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясында бастаған Нұрислам жауапкершілігі жоғары, мақсаты зор курсант ретінде танылды. 2023 жылы академияны аяқтаған соң Алматы облысында қызметін бастап, маңызды тәжірибе жинақтаған Нұрислам Жәкенұлы бүгінде туған жерінде қызметін жалғастыруда. Әріптестері оны ұйымшыл, төтенше жағдайларда жедел шешім қабылдай білетін, ұжыммен бірлесе жұмыс істей алатын маман ретінде бағалайды. «Алғашқылардың бірі болып көмекке келу – бұл жай ғана жұмыс емес, бұл өмірлік ұстаным» дейтін Нұрислам Жұмахан қоғамға қызмет етуді абырой деп білетін жаңа буын кәсіби мамандарының жарқын үлгісі. Өрт сөндіруші болу – бұл күн сайын адам өмірін қорғауға аттану, ерлік пен жанқиярлық таныту деген сөз. Бұл жай ғана мамандық емес, бұл нағыз ерлік, өмірлік ұстаным. Осындай кәсібіне адал қызметкерлердің бірі – азаматтық қорғау кіші сержанты Бақдәулет Тұран. Оның бұл жолды таңдауы бекер емес, ол өз өмірін өрт сөндіру қызметіне арнаған әкесінің жолын жалғап келеді.

Бақдәулет азаматтық қорғау органдарындағы қызметін 2022 жылдың наурыз айында Тараз қаласындағы №4 өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндірушіқұтқарушы ретінде бастады. Сол жылдың маусым айында Жуалы ауданына ауыстырылып, №7 өрт сөндіру бөлімінде осы қызметін жалғастырды. Қызмет еткен жылдары ішінде ол бірнеше төтенше жағдайларды жоюға қатысып, сол сәттерде батылдық, сабырлық және күйзеліс жағдайында дұрыс шешім қабылдау қабілетін көрсете білді. Бақдәулет үшін бұл мамандық – саналы таңдау. Әкесі Қажымұхан өмірінің көп бөлігін өрт сөндіру саласына арнап, нағыз кәсіби маман ретінде үлгі бола білді. Бала кезінен әкесінің қызметін көріп өскен Бақдәулет осы салаға деген құрметті жүрегіне сіңіріп, әке жолын жалғастыруға бел буды.

Бүгінде Бақдәулет Тұран жас болса да тәжірибелі, өз ісіне шын берілген маман. Оның қызметі әке ісінің лайықты жалғасы, ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісі. Мұнда мамандыққа деген сүйіспеншілік, борыш сезімі мен көмекке әрдайым дайын болу отбасы құндылығы ретінде анық байқалады.

«112» БІРЫҢҒАЙ БЕЛГІЛЕРІ ОРНАТЫЛДЫ

Халық арасында танымалдығын арттыру және «112» жедел қызмет нөмірі туралы хабардарлығын қамтамасыз ету мақсатында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің барлық бөлімшелерінде бірыңғай белгілер орнату жұмыстары аяқталды. Өрт сөндіру бөлімдерінің ғимараттары мен қасбеттеріне ірі, анық көрінетін және біркелкі үлгіде жасалған «112» жазулары орналастырылды. Енді азаматтар төтенше жағдай немесе өрт кезінде көмекке жүгіну үшін бірыңғай жедел қызмет нөмірін оңай есте сақтай алады. Бірізді стиль қызметтің бірыңғай бейнесін қалыптастыруға, халықтың хабардар болуын арттыруға және түптің түбінде жедел әрекет етуді қамтамасыз етуге ықпал етеді.

КӘСІБИ БІЛІКТІЛІКТІ ШЫҢДАУ МАҢЫЗДЫ

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру кезекшілік қызметінің жедел кезекшісі, азаматтық қорғау подполковнигі Нұрболат Әлімқұлов Тараз қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі жеке құрамының нормативті жаттығуларды орындауын қадағалап, өрт сөндіру және авариялық-құтқару техникаларының жарамдылығын тексерді. Кез-келген өрт сөндіруші-құтқарушы кәсіби жұмыстарын атқару барысында психологиялық тұрғыдан ғана емес, сондай-ақ физикалық дайындығы да жоғары болуы міндетті. Өрт сөндіруші-құтқарушылар тыныс алуға жарамсыз ортада қолданатын тыныс алу аппараттарын иыққа іліп, бетперделерін киіп, денеге күш түсіретін түрлі сипаттағы жаттығуларды атқарды.

Сондай-ақ жаттығу барысында автосаты көмегімен түтінге оранған ғимаратқа су беру секілді кәсіби жұмыстарымен де айналысты. Аталған нормативті жаттығулар шынайы өмірде кездесуі ықтима л оқиғаларға неғұрлым жақындата ұйымдастырылып, жеке құрамның дайындығы жан-жақты сыналды. Сондай-ақ, өрт сөндіру кезекшілік қызметі жедел кезекшісінің көмекшісі, азаматтық қорғау подполковнигі Айдар Баймаханбетов Тараз қаласындағы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі жеке құрамының жай-күйімен танысып, өрт сөндіру және авариялыққұтқару техникаларының қызметке жарамдылығын тексерді. Жалпы өрт сөндіру кезекшілік қызметінің жедел кезешілері мұндай тексерулерді жиі жүргізеді. Мұндағы басты мақсат – жеке құрамның күнделікті қызмет барысында еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтауына мән беру және қызметтік міндеттерін өз деңгейінде орындауларына оң ықпал ету, сондай-ақ кәсіби біліктіліктерін арттыру. Азаматтық қорғау подполковнигі А.Баймаханбетов жеке құрамның теориялық тұрғыдағы білімдеріне назар аударып, құтқарушылардың күнделікті айналысатын физикалық дайындықтарын арттыру бойынша жаттығуларымен де танысты. Мұндай шаралар алдағы уақытта одан әрі жалғасатын болады.

ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ҚАРАУ БОЙЫНША СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінде «E-Otinish жүйесінде және Қылмыстық-процестік кодекстің 105-бабы тәртібі бойынша шағымдар мен өтініштерді қабылдау, тіркеу және қарау» тақырыбында семинаркеңес өтті. Іс-шараға департамент пен оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері, сондай-ақ прокуратура өкілдері мен облыстағы құқықтық статистика және арнайы есепке алу департаментінің мамандары қатысты.

Семинардың мақсаты – қызметкерлердің құқықтық арттыру, «E-Otinish» платформасы арқылы келіп түсетін өтініштер мен шағымдарды, сондайақ Қылмыстық-процестік кодекстің 105-бабы аясында қарау бойынша бірыңғай көзқарасты қалыптастыру. Шара барысында өтініштерді қарау кезінде ашықтықты, заңдылықты және уақытылы әрекет етуді қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мұндай жиындар мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға және халықтың мемлекеттік билік органдарына деген сенімін арттыруға ықпал етеді. Семинарға қатысушылар тұрғындардың өтініштерімен жұмысты жетілдіру тетіктерін әрі қарай дамыту және тәжірибе алмасуды жалғастыру қажеттігін атап өтті. «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы жалғасуда Өңірімізде ауылдық жерлердегі халықтың өрт қауіпсіздігін арттыруға бағытталған «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы белсенді түрде жүзеге асырылуда. Оның аясында аймақтың шалғай ауылдарында өрт сөндіру бекеттерін құру жұмыстары жүргізілуде. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы аудан және ауылдық округ әкімдерімен көшпелі кездесулер ұйымдастыруда. Басқосу барысында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, өзекті мәселелер мен салынып жатқан нысандардың жобалары талқылануда.

Ерекше көңіл өрт сөндіру бекеттерін кадрлармен қамтамасыз етуге және оларды төтенше жағдайларға ден қоюдың бірыңғай жүйесіне қосуға бөлінуде. Бұл маңызды бастама Мемлекет басшысының ауылды дамыту және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын іске асырудағы нақты қадам болып табылады. Бағдарламаны жүзеге асыру өрт сөндіру бөлімдерінің оқиға орнына жету уақытын қысқартып, әрекет ету жеделдігін арттыруға, ең бастысы, ауыл тұрғындарының өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.

«АТА ЗАҢЫМ – АЙБЫНЫМ»

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінде Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата заңым – айбыным» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны кадр және тәрбие жұмысы басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Бекзат Бақжанов ашып, еліміздің басты құжатының негізгі аспектілеріне тоқталды.

Жиынға облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Әлихан Нарегеев, департамент аппаратының қызметкерлері, Тараз қаласының төтенше жағдайлар басқармасы, өрт сөндіру бөлімдері мен жедел құтқару жасағының жеке құрамы қатысты. Іс-шараға қатысушылар еліміздің Ата заңының тарихы және оның қазіргі қазақстандық қоғам өміріндегі, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі, демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудағы көп қырлы рөлі мен маңыздылығы туралы айтты. Жиын соңында тақырыпқа сай бейнеролик көрсетілді.

СПОРТШЫЛАРҒА – СӘТТІЛІК!

2-8 қыркүйек аралығында Петропавл қаласында Өрт-құтқару спорты федерациясының ұйымдастыруымен өрттен құтқару спорты бойынша кубок өтеді. Аталған жарысқа облысымыздың құрама командасы да қатысады. Осыған орай төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Азат Абдразақов жамбылдық спортшылармен арнайы кездесіп, алдағы додадан жеңіспен оралуы үшін сәттілік тіледі.

Айта кетейік, жарысқа ересектер құрамасымен бірге Тараз мамандандырылған колледжінің студенттері, яғни жасөспірімдер мен қыздар командасының мүшелері де қатыспақ. Жанар Жапарқызы басшылық ететін аталған оқу орны студенттерінің басым көпшілігі колледж қабырғасында білім алып қана қоймай, облыстық және республикалық жарыстарға да қатысып, құтқарушылармен бірге облысымыздың намысын қорғап жүр.

БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА

Тараз қаласының төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері кішкентай балалары бар отбасылар тұратын көпқабатты тұрғын үйлерде профилактикалық іс-шаралар өткізді. Акция аясында мамандар терезелерге толық ашылуына кедергі келтіретін және балалардың құлап кету қаупін азайтатын арнайы блокираторлар орнатты.

Мұндай шаралар ре спублика бойынша балалардың терезеден құлап кету жағдайларының жиілеп кетуіне байланысты қолға алынуда. Техникалық шаралармен қатар, құтқарушылар ата-аналармен түсіндіру әңгімелерін жүргізіп, балаларды үнемі қадағалап отырудың және тұрмыста қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салуда. Құтқарушылардың айтуынша, баланың қауіпсіздігі ең алдымен ересектердің жауапкершілігінде, ал блокираторларды орнату бүлдіршіндердің өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға көмектесетін қосымша шара болып табылады.

 Жүрсінгүл ЖАҚЫП.