Жұмыспен қамту жүйелі жүргізілуі тиіс
Жұмыспен қамту – басты міндет. Иә, адамдардың жұмыспен қамтылуы және еңбекке орналастыруды қамтамасыз ету – мемлекеттің ерекше бақылауына алынған.
Биыл облысымызда Жұмыспен қамтудың өңірлік картасы аясында құрылатын жұмыс орындарының жоспары 65 647 орын болып бекітілсе, есепті кезеңге барлығы 27 877 жұмыс орны құрылып, жалпы жоспар 42,5 пайызға орындалды.
Электронды еңбек биржасында облысымызда биылғы жылы 192 жоба бойынша 2 732 жұмыс орнын құру жоспарланып есептік кезеңде 127 жоба электронды еңбек биржасына енгізіліп, 590 азамат жұмысқа орналастырылды.
Сонымен қатар 2025 жылы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 54 505 адам тарту жоспарланса, жыл басынан жоспар 51,6 пайызға орындалып, 28 136 адам белсенді шараларға тартылды.
Облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басшысының орынбасары Самат Төрегелдиевтің айтуына қарағанда, еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында 2025 жылы жұмысқа орналастырудың жоспары 45 732 орын болып белгіленіп, жұмыс берушілердің бос жұмыс орындарына және субсидияланатын жұмыс орындарына орналастыру арқылы қазіргі уақытта 21 134 адам жұмысқа орналасты немесе орындалуы 46,2 пайызды құрады.
– Оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына, яғни жұмыс берушілердің бос жұмыс орындарына орналастыру жоспары 31 859 адамды құрап, нақты орналасқаны 9 611 адам немесе бұл жоспардың 30,2 пайызы. 2025 жылы субсидияланатын жұмыс орындарына 11 523 адам тартылып, жылдық жоспар 83,1 пайызға орындалды. Жоспар – 13 873 адам болатын, – дейді бұл жөнінде облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Самат Төрегелдиев.
Кәсіпкерлікті дамытуға 1 008 адамға қайтарымсыз грант беру көзделсе, есепті кезеңде 501 адамға берілді. Оның ішінде көпбалалылар – 309, мүмкіндігі шектеулі азаматтар – 108, мүгедек баланы тәрбиелеушілер – 46, асыраушысынан айырылғандар – 26, атаулы әлеуметтік көмек алушылар – 10, қандастар – 2 грант беру туралы комиссияның оң шешімі қабылданды.
Сондай-ақ жұмыссыз азаматтардың біліктілігін арттыру, жаңа мамандық беру жұмыстары да қолға алынған.
Биылғы жылы облыс бойынша білім беру ұйымдарымен жұмыс берушілердегі жұмыс орнында қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бағдарламасына 412,7 миллион теңге бөлініп, аталған қаржыға 1315 жұмыссыз азаматтарды оқыту жоспарланып, оқытуға 912 азамат жолданып, оның ішінде бүгінгі күнге 6 адам мерзімінен бұрын оқудан шығарылды. 906 азамат аталған бағыт бойынша оқу курстарын жалғастыруда, келісімшарт талаптарына сәйкес оқуларын аяқтаған мерзімнен кейін тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.
Бұдан бөлек жұмыссыздарды «Skills enbek» порталы арқылы онлайн оқыту бағыты бойынша 2345 адамды оқыту жоспарланса, есептік кезеңде 3053 адам жолданып, оның 2753-і тиісті сертификатын алды. Жалпы оқимын, жаңа мамандықтар аламын деген адамға мүмкіндіктер қаралған. Тағы бір айт ары, халықты жұмыспен қамту бағытында атқарылған жұмыстар нәтижесінде өңірлік еңбек нарығында тұрақтылық сақталып, 2025 жылдың 1 тоқсан қорытындысымен жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрады, жастар жұмыссыздық деңгейі 3,0 пайызды құрады.
Облыс әкімдігі жұмыспен н қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарасы басшысының орынбасары Самат Төрегелдиевтің айтуына қарағанда, 2025 жылдың 1 тамызына жұмыс күші тапшы өңірлерге 41 отбасы, 155 адам қоныс аударыпты. Оның ішінде:
1. Солтүстік Қазақстан облысына – 15 отбасы, 55 адам,
2. Шығыс Қазақстан облысына – 1 отбасы, 7 адам,
3. Қостанай облысына – 9 отбасы, 34 адам,
4. Павлодар облысына – 15 отбасы, 55 адам.
Қоныс аударушылар арасынан 67 адам жұмысқа қабілетті жастағылар болып табылса, олардың 21-і тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етілген. 18-35 жасындағы жастар 44 адам болып табылады. Мектеп жасындағы және мектеп жасына дейінгі 77 бала балабақша және мектеп орындарымен қамтылған. Қоныс аударушы отбасылары толығымен қабылдаушы өңірлік квотасына енгізіліп, барлық мүшелеріне субсидиялар төленді және олар жалдамалы тұрғын үйлерге орналастырылған.
Оралхан ДӘУІТ