Ата заңым – Айбыным
Ата Заң – еліміздің Тәуелсіздігін нығайтқан, азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз еткен темірқазық құжат. Конституция – бұл жай ғана заңдар жиынтығы емес, ол мемлекет пен қоғам арасындағы келісім, бүкілхалықтық сенімнің көрінісі. Ата Заңымыз адамның өмірі, құқығы мен бостандығы ең жоғары құндылық екенін нақты бекітті.
Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның мәжіліс залында, Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған салтанатты болып өтті. Оған жергілікті билік өкілдері, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, кәсіпкерлер, зиялы қауым өкілдері және жастар қатысты.
Салтанатты жиынның шымылдығы еліміздің Әнұранымен түрілді. Мерейлі мерекеге орай облыс әкімі Ербол Қарашөкеев құттықтау сөз сөйледі.
– Құрметті жиынға қатысушылар! Қадірменді көпшілік! Баршаңызды Қазақст ан Ре спубликасының Конституциясы күнімен және Ата Заңымыздың 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! – деген аймақ басшысы бедерлі де, белесті 30 жылдың шеңберінде ел көлемінде және аймақта орын алған жетістіктерді тілге тиек етті.
– Биыл – тарихи мәні зор, ерекше жыл. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етіп отырған басты құқықтық құжат – Конституциямызға 30 жыл толып отыр. Өткен отыз жылда еліміз Конституция негізінде зор жетістіктерге жетіп, дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Ата Заңымызда бекітілген азаматтардың құқықтары мен бостандықтары – мемлекетіміздің ең басты құндылықтары. Алдағы уақытта да Конституцияда бекітілген құндылықтарға сүйене отырып, Жаңа Қазақстанды құру жолында бірге еңбек етеміз деп сенемін. Бүгінде Мемлекет басшысының бастамасымен жүргізіліп жатқан ауқымды саяс реформалар «Халық үніне құлақ ас атын мемлекет» тұжырымдамасы мен әділетті Қазақстанды құру идеясы – барлығы да осы Конституциялық қағидаттарға сүйенеді. Бұл – Жаңа Қазақстанды құру жолындағы маңызды бағдарымыз. Бүгінде облысымыз жаңа даму кезеңіне шығып отыр. Бұған мысал ретінде ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, әлеуметтік салаларда орын алған көптеген жетістіктерді атап өтуге болады. Жыл басынан бері өңірге 345,1 миллиард теңге инвестиция тартылып, жыл соңына дейін инвестиция көлемін 826,2 миллиард теңгеге жеткізу жоспарлануда. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында облыс бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 28 136 адам тартылды. Жыл басынан бері 366,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Жыл соңына дейін 2030 пәтерлі 44 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 1415 пәтер сатып алынады. Биыл жолдарды жөндеу жұмыстары қолға алынды. Жалпы 17,7 шақырым көше жолдары және 5 көпір мен жол өткелдерінің құрылысы, 8 шақырым жолдарды қайта жаңғыртумен және 444,6 шақырым жол орташа жөндеуден өтуде. Тараз қаласында 31,4 шақырымды құрайтын 26 жобаны, 34,6 шақырымды құрайтын 4 жобада шағал төсеу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, 35,3 шақырымды құрайтын 12 жаяу жүргінші жолдарын орташа жөндеу жоспарланған. Нәтижесінде, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар үлесі 99,5 пайызға дейін жетеді. Биылғы жылы 26 білім нысанының құрылысы жоспарланған, жыл соңына дейін 10 мектеп пен 5 мектептің жапсарлас құрылысы аяқталады, 2026 жылы 11 нысанның құрылысы бітеді. Биыл «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 3 мектеп ашылады. Мемлекет басшысының мектептерді қайта жаңартуды жүргізу тапсырмасы бойынша облыста үш жыл ішінде 66 мектепті жаңарту жоспары бекітілді. Ағымдағы жылы 10 мектеп жаңартылады, – деді аймақ басшысы.

Құттықтау сөзден кейін кезек Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдық мерекесіне орай және өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқан озаттарды марапаттауға берілді. Осыған байланысты бір топ азамат Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік наградаларымен және бір тобы «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, сондай-ақ Құрмет грамотасымен, әрі Алғыс хаттарымен марапатталды. Марапатталғандардың ішінде «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ Оңтүстік Қазақстан филиалының директоры Мұхан Байтеміров кеудесіне «Құрмет» орденін тақса, «Қазақстан темір жолы - жүк тасымалы» ЖШС-нің Талас станциясының поезд құрастырушысы Марат Нұрекеев 3 дәрежелі «Еңбек даңқы» орденін тақты. Дәл осындай орденді «Бином» ЖШС-нің инженері Ильгиз Куртумеров та иеленді.
Салтанатты жиынның соңы Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның конценттік бағдарламасымен жалғасты.
Aq jol-Aqparat.