Өнер қонған отбасы
Жамбыл ауданында орналасқан Сеңгірбай көлімен иықтас Шайдана деген шағын ауыл тұрақ тепкен. Алақандай ауылдан шыққан азаматтар көзге көрініп те тұрады. Ал Шайданада тер төгіп еңбек еткен кісінің көзге түспеуі мүмкін емес. Ауылдастар осы елдімекендегі Саршаевтар отбасына үлкен құрметпен қарайды. Бұл әулет отбасындағы берекемен де, өнер саласындағы толайым жетістіктерімен де танымал.
Отағасы – Бақыт Саршаев 1963 жылы Шайдана ауылда өмірге келіпті. Ол Жамбыл білім беру колледжін « Б а с т ау ы ш с ы н ы п м ұ ғ а л і м і » мамандығы бойынша аяқтағанымен, еңбек жолы басқа арнамен жылжыды. 1982-1983 жылдары Аса электр жүйесі мекемесінде электрик, 1983-1985 жылдары Тараз қаласы «АТП-3» мекемесінің автокөлік жүргізушісі, 1985-1987 жылдары «Пионер» қой совхозында көлік жүргізушісі, 1987- 1989 жылдары Қаратау қаласындағы фабрикада құрылғы орнататын машинист, 1989-1994 жылдары Аса су шаруашылығында су бақылаушысы болды. 1994-2008 жылдары жеке мал шаруашылығымен айналысып, кәсіпкерлікте де бағын сынап көрді. Кейінірек біржолата мәдениет саласына ауысты. 2008 жылдан бүгінгі күнге дейін Шайдана ауылдық клубының мәдени ұйымдастырушысы болып еңбек етуде. «Қазақстанның мәдениет қайраткері» белгісінің иегері. Ол жұбайы Гүлмира Абайқызы екеуі 3 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отыр. Отбасы құрғандарына – 39 жыл болған олардың 13 немересі бар.
Отанасы Гүлмира Байболованың балалық шағы Байзақ ауданы, Ақшолақ ауылында өтті. Жамбыл мәдени-ағарту училищесін «Клуб қызметкері» мамандығы бойынша аяқтаған. Ол 1986-1993 жылдары «Пионер» совхозында автоклуб меңгерушісі, 1995-1997 жылдары Пионер орта мектебінің буфетшісі, 1998-2000 жылдары «Пионер» қой кеңшарында қызылшашы болып еңбек етті. 2000-2009 жылдары жеке кәсіппен айналысқан ол. 2009 жылдан бүгінгі күнге дейін Шайдана ауылдық кітапханасының кітапханашысы. Гүлмира Абайқызының тағы бір ерекше қасиеті – әншілігі. Ондай әсем дауыс, ғажайып ән орындау шеберлігі көп әншіде жоқ. Әсіресе аудандық ісшараларда керемет әншілігімен көзге түсіп жүр. Аталған ауданда тұратын, елімізге белгілі айтыскер Айтмұханбет Исақтың әндерін керемет шабытпен орындап келеді.
Ерлі-зайыптылар кейінгі жылдары бір ауылдың мәдениет саласында қатар еңбек ете жүріп, балалар тәрбиесіне де ерекше мән берді.
Тұңғыш қызы Әйгерім Тараз қаласындағы колледждердің бірін «Қаржыгер-экономист» мамандығы бойынша аяқтаған. 2024 жылдан бүгінге дейін Тараз қаласы «Олимп» зертханалық лабораториясында тіркеуші болып еңбек етеді. «Күміс алқа» иегері. Отбасында 2 ұл, 4 қыз тәрбиелеуде. Екінші қыздары Ақмарал Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша аяқтаған. 2012 жылдан бүгінгі күнге дейін Байзақ ауданы, Үлгілі ауылының кітапхана меңгерушісі болып қызмет атқаруда. Отбасында 1 ұл, 3 қыз тәрбиелеуде.
Ұлы Наурызбек Жамбыл гуманитарлық - техникалық университетін « Филология » мамандығы бойынша аяқтаған, магистрант. 2009-2011 жылдары «Жамбыл-Тараз» қалалық газетінің тілшісі, 2011-2015 жылдары облыстық «Ақ жол» газетінің тілшісі, 2015-2017 жылдары «Әдебиет» порталында журналист, 2017-2023 жылдары р е с п убл и ка л ы қ « А р и с то к р ат » журналының бас редакторы, 2023-2025 жылдары республикалық «Айқын» газетінің «Әлеумет және мәдениет» бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған. Қазіргі таңда халықаралықсаяси апталық «Түркістан» газетінде еңбек етеді. Жас ақын, журналистер байқауының бірнеше мәрте жеңімпазы, «Бұқар жырау» арнайы сыйлығының иегері.
Төртінші перзенттері Орынбасар Жамбыл жоғары политехникалық колледжін «Сәндік қолданбалы өнер» мамандығы бойынша аяқтаған. Қазіргі таңда аудандық мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы. 2022 жылы Тараз қалалық «Жаңа дауыс» байқауының лауреаты атанған. «Вокал» номинациясы бойынша «Жаңа есім – 2023» жобасының жеңімпазы.
Есет ДОСАЛЫ,
Жамбыл ауданы