Қазақстаннан Аризонаға алғашқы студенттер аттанды
Еліміздің барлық жоғары білім беру жүйесі үшін маңызды қадам жасалды. Петропавл қаласында орналасқан Солтүстік Қазақстандағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Манаш Қозыбаев университеті АҚШ-тың Тусон қаласындағы Аризона университетінің негізгі кампусына алғашқы 29 студентін оқуға шығарып салды. Ғылымның ізденіс жолына түскен бұл студенттер қос диплом бағдарламалары бойынша білім алады.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде алғашқы болып Петропавлда Американың жетекші жоғары оқу орны – Аризона университетімен стратегиялық әріптестік басталды. Жобаға еліміздің әр өңірінен келген талапкерлер тартылды. Бүгінгі таңда Биотехнология, Ақпараттық жүйелер және инклюзия бағыттары бойынша қос диплом бағдарламаларында тек Қазақстаннан ғана емес, АҚШ пен Ресейден де мыңнан астам студент білім алады. Қазақстандық студенттер грант негізінде оқиды, соның ішінде АҚШта тұру, оқу семестріне арна лған шығындар да кіреді. Сондай-ақ олар үшін визалық, сақтандыру және көлік (ұшу) шығындары тегін қарастырылған.
Мұндай ынтымақтастық дарынды жастарға шекарасыз ғылым, халықаралық деңгейдегі дипломдар және жаһандық зерттеулерге қол жеткізу сынды үлкен мүмкіндіктер есігін ашады.
«Биыл Аризона университетімен 152 үміткер қос дипломды бағдарламаға қабылданды. Ағымдағы жылдың сәуір айында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бастаған үлкен делегация Аризона университетінің бас кампусына арнайы барып, соның ішінде студенттерді Тусон қаласына орналастыруға, олардың оқу үдерісіне байланысты барлық мәс елелерді талқылады. Сәйкесінше, университет осы оқу жылы ішінде олардың Қазақстанның жетекші компанияларында жұмысқа орналасу үшін күш біріктіреді», – деді Қозыбаев университетінің басқарма төрағасы – ректоры Ербол Исақаев. Келесі жылы студенттер Отанына оралып, екі диплом алады. Бұл олардың жеке мансабын құрудағы мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді.
М.Қозыбаев университетінің Аризона университетімен ынтымақтастық жобасына Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім минист рлігі, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар жан-жақты қолдау көрсетті. Қазіргі таңда оқу-зертханалық корпус, екі жаңа жатақхана ашылды, материалдықтехника лық база үнемі толықтырылып отырады, ғылыми байланыстар кеңейді.
Мұның бәрі аталған университетті солтүстік өңірдің нағыз академиялық хабына айналдырады. Мұнда әлемнің 16 елінен келген студенттер білім алады. Жыл сайын студенттер қатары артып келеді. Осылай Петропавл жастардың мүмкіндіктері мен перспективаларын жүзеге асыру орталығына айналуда.
Қамар ҚАРАСАЕВА