Борышын өтеу жолында болашағын тапқан
Тараздық Абирбек Тұрсынбеков әскери қызметі арқасында мемлекеттік грантқа ие болды. Ол өмірі жаңа бағытқа қарай бұрылған жас жігіттердің бірі. Ақтаудағы теңіз пехотасында қызмет етіп, үйіне тек жаңа білім мен тәжірибемен ғана емес, сонымен қатар еліміздің үздік университеттерінің бірінде оқуға мүмкіндік беретін мемлекеттік грантқа ие болып қайтып келген азамат.
Абирбек Тұрсынбеков 2023 жылы күзде Тараздан Қарулы Күштер қатарына шақырылды. Қызметке ықтиярлығымен барды. Оның шақырылым тобы Ақтаудағы теңіз пехотасы бригадасына келді. Онда ол артиллериялық дивизионның екінші батареясы құрамында артиллериялық барлау бөлімінің командирі болды.
– Қызмет маған көп нәрсені үйретті – шыдамдылықты, жауапкершілікті, нағыз ер адамдар достығын, – деп бөліседі Абирбек. – Армия маған жинақы, табанды болуға көмектесті. Мұнда нағыз жауапкершілікті өзіңе алуды, ақылды болуды үйренесіз. Әскерде болғаныма бір сәт те өкінбеймін. Керісінше, сол жерде есейдім деп алғыс білдіремін.
Оның қызметке жауапкершілікпен қарағанының айқын дәлелі – оған кіші сержант әскери атағының берілуі. Бұл атақты бір жылдық қызметте әрбір сарбаз ала бермейді.
– Шенге ие болғаным, жай атақ ғана емес, маған артылған сенім болды. Бұл командирлерім менің бөлімді басқаруыма сенді деген сөз. Мен өзгелер үшін жауапкершілікті өз мойныма ала алатынымды, қиын жағдайларда шешім қабылдай алатынымды түсіндім. Армия мен үшін нағыз өмір мектебіне айналды, – дейді ол.
Оның еңбегі байқалмай қалған жоқ. Соғыс дайындығындағы керемет көрсеткіштері, жоғары жеке қасиеттері мен тәртібі үшін Абирбек 2024 жылы «Sarbaz 2.0» бағдарламасы бойынша мемлекеттік білім грантын алған 2000- нан астам сарбаздың бірі атанды.
Қорғаныс министрлігінің 2023 жылдан бері жүзеге асырып келе жатқан «Sarbaz 2.0» бағдарламасы азаматтық жауапкершілікке шақыруды ынталандыруда нағыз жетістікке айналды. Ол әскери қызметін өтеген әрбір сарбазға ҰБТ тапсырмайақ жоғары оқу орнында оқуды жалғастыруға, ал ең көрнектілеріне – мемлекеттік грант бойынша тегін оқуға түсу мүмкіндігін береді. Тестілеу онлайн жүргізіліп, құжаттарды тапсыру жүйесі eGov порталы арқылы жүзеге асады. Бұл Отанға қызмет ету жолын таңдаған жас жігіттерге жоғары білім алудың нағыз мүмкіндігі.
Бәсекелес онлайн-тестілеуден өтіп, мемлекеттік грант алған соң Абирбек Тұрсынбеков әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес факультетінің студенті болды. Оның болашақ мамандығы – логист. Қыркүйекте ол жоғары оқу орнының аудиторияларына оқуын бастау үшін кіреді.
Абирбектің әкесі Ақыл Тұрсынбеков бұрын өзі армияда қызмет етіп отставкаға шыққан адам. Ұлының жетістігін мақтаныш етеді. Ол бала кезінен-ақ ұлына әскери форма мен туды құрметтеуді үйретті, әскери қызметтің абыройлы міндет екендігін түсіндірді.
– Қызмет менің ұлымды талаптандырды, – деп ой бөліседі әкесі Ақыл Тұрсынбеков. – Баламның әскери қызметтің жай міндет емес, өмір мектебі екенін түсінгеніне қуаныштымын. Бүгін оған мақтанышпен қараймын. Ол Отанын қорғаумен қатар, өмірге жаңа жолдама алды. Осынысымен өзінен кейінгілерге, достарына, бүкіл отбасына үлгі бола білді.
Абирбектің отбасы – достықты, көпұлттықты құрметтейтін отбасы. Оның мүшелері елді, үлкендерді сыйлауға, бір-біріне қамқорлық жасауға, өзара көмектесуге әрдайым дайын болуға тәрбиеленген. Қарындасы Әнел бастапқыда ағасы үшін көп уайымдағандығын мойындайды.
– Абирбек әскери қызметке елдің екінші жағына, теңіз пехотасына кетті, – дейді Әнел. – Бірақ ол қайтып келгенде біз мүлдем басқа адамды көрдік – сенімді, пісіп-жетілген, мықты көзқарасты және нақты мақсаттары бар. Армия өз ісін жасады – ол оның рухын нығайтты, есейтті және ақылды етті. Осыған мақтанамын!
2024 жылы күзде үйіне қайтқаннан кейін Абирбек уақытты бо сқа өткізіп алмау мақсатында, әрі табыс тауып, ата-анасына көмектесу үшін, келешекте Алматыға көшіп келуі үшін бірден жұмысқа орналасады. Қазір ол логистика саласында болашақта кәсіби маман болуды көздеп оқуға ынтамен дайындалуда.
Абирбек әскердегі қызметін, е л і м і з д і ң б а р л ы қ а й м а ғ ы н а н шақырылған қарулас достарын және дивизион мен батарея командирлерін жылы сөздерімен еске алады. Бригада командирі, подполковник Жаннұр Сатқыновты ерекше ықыласпен сөз етеді.
– Ол мені әрдайым сөзімен қолдады, рухтандырып, күресуге бейімдеді, – дейді Абирбек командирін есіне алғанда. – Осындай командирлердің арқасында біз, жауынгерлер, өзімізді үлкен, маңызды нәрсенің бір бөлшегі сезіндік. Командир болудың – атақ емес, құрмет пен жауапкершілік екенін үйрендік.
А з а м ат т ы қ ж ау а п ке р ш і л і к ке шақыру әскери қызметі мен «Sarbaz 2.0» бағдарламасы армияға деген көзқарасты осылай өзгертеді. Абирбек Тұрсынбековтің мысалы – азаматтық қызметтің өзінде көшбасшылық қасиеттерді ашуға, маңызды дағдыларға ие болуға және болашақ үшін берік негіз құруға мүмкіндік бар екендігінің айғағы.
Абирбек, оның достары мен туыстары әскери қызметтің жаңа мүмкіндіктерге бастама бола алатынына көздері жетті. Мемлекет осындай жігіттерді қолдайды – оларға білім гранттарын береді, жұмыс орындарын сақтайды, жоғары оқу орындары мен колледждердің есігін артық бюрократиялық кедергілерсіз ашады.
Армияда кіші сержант және артиллериялық барлау бөлімінің командирі болған Абирбек армияның – өмір мектебі, өзіне салынған инвестиция екенін түсінді. Ал әскери қызметін өтегендерге ҰБТ және емтихандарсыз жоғары білім алуға мүмкіндік беретін «Sarbaz 2.0» бағдарламасы мынаны дәлелдейді: азаматтық қызмет – бұл өмірдегі үзіліс емес, керісінше, оның маңызды және перспективалық кезеңі.
Талғат ТАЛАПҰЛЫ