«Менің ұшқым келеді биік-биік...»
Абай атындағы орталық кітапханалар жүйесіне қарасты М.Әуезов атындағы кітапханада оқырмандарға ақын Бауыржан Үсеновтың туғанына 65 жыл толуына орай өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында «Көңілдің кейбір сәттері» атты дауыстап оқу шарасы өткізілді. Шарада ақынның нәзік сезімге толы өлеңдері, өмірдің мәні мен адам жанының иірімдерін бейнелеген туындылары оқылды.