Қоғам

Тарих пен технологияны тоғыстарған темір шежіре

Жылдар алмасып, ғасырлар көшкенімен, кейбір дүниелер өзінің құнын, мәнін, миссиясын ешқашан жоғалтпайды. Солардың бірі әрі бірегейі теодолит. Бір қарағанда қарапайым темір құрылғы секілді көрінетін бұл құрал, шын мәнінде, ғасырлар бойы адамзаттың жермен, кеңістікпен үндесуіне жол ашқан өлшеусіз құндылық.