Жауынгер қаруы – жігер, қайрат, намыс
Жұмыс бабымен Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы атындағы 85395 әскери бөлімнің «Айша бибі» полигонына осымен екінші рет келудің сәті түсті. Мұның алдында, қателеспесем бұдан 11- 12 жыл бұрын атаулы полигонға арнайы БАҚ өкілдерімен бірге келіп, Халық қаһарманы, генерал Бақытжан Ертаевтың қатысуымен өткен оқу-жаттығу жиынына қатысқан болатынмын. Сол кездегі көргенім мен бүгінгі көргенімді салыстыруға келмейді.
Арадағы он жылдықтың ішінде көп нәрсе оң жағына өзгеріпті. Полигондағы ескі нұсқадағы казармалар заманауи үлгідегі жатынжайларға сәйкестендіріліп қайта жөндеуден өткізіліп, ағын суы жоқ өңірге жерасты суы тартылып, абаттандырылыпты. Уақыт талабына сай қызмет көрсете алатын әскери жатын үйлерге шамамен 200-ге жуық адамды қабылдайтындай жағдай жасалыпты. Осыдан он жыл алдын мұнда келушілерді бұл аймақта тек оқу-жаттығу өткізетін арнайы алаңдары бар, инфрақұрылымы талапқа сай келмейтін полигон штабы ғана қарсы алатын. Ендеше, әңгімеміздің басын «Айша бибі» полигонының бүгінгі жағдайын баяндаудан бастап, содан соң нақты оқу-жаттығу жиынына ойысқанымыз дұрыс сияқты.
«АЙША БИБІ» ПОЛИГОНЫ
«Айша бибі» полигоны 2001 жылдың 16 наурызында ҚР Үкіметінің арнайы қаулысы негізінде Жамбыл облысы әкімінің шешімімен жер телімі бөлініп, берілгесін құрылған. Пайдалануға берілген жер көлемі – 3089 гектар. Қазіргі т аңда ат алған полигонға лейтенант Сүйімбай Разимбетов басшылық жасайды.
– Мұның алдында жағдайы жасалмаған жер еді. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін кейінгі жылдары жоғарғы басшылықтың ұйғарымымен және полигон жеке құрамының қолдауымен оқу полигонының штабын тұрғызу мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілді. Бұған қоса полигонға келіп, атыс жаттығуларын өткізетін жеке құрамға жағдай жасау мақсатында жатын үйлер, түнеуге казармалар салынды. Оқу объектілерінде әскери атыс алаңы, АК-74 қаруы мен ПМ қаруына арналған тир жабдықталып, іске қосылды. Сонымен қатар бронды және автомобиль техникаларын жүргізу алаңы, жеке құрамның қала ішіндегі ұрыс алаңы, инженерлік дайындық алаңы, оқу-техникалық алаңы, ұрыс машиналарымен өткізілетін атыс деректрицасы іс ке қосылып, пайдалану берілді. Атыс алаңдарына нысана көздеу құрылғылары орнатылды. Құрылғылар «Алматы Энерго Сервис» фирмасымен қамтамасыз етілді. Нысана көтеру құрылғыларына стационарлы және радио байланыс арқылы басқарылатын құрылғылар қойылды. Аталған оқу-жаттығу полигонына электр желісі жоғарғы басшылықтың қолдауымен 2021 жыды жүргізілді. Бұған дейін электр қуатын дизелдік агрегат өндіріп келген еді. Дәл осы жылы ағын сусыз отырған жерге «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының және әскери бөлім басшылығының қолдауымен 120 метр тереңдіктен жерасты суы тартылып, аумақ абаттандырыла бастады. Біздегі жатын үй-жайлардың саны екеу. Шабуылдаушы батальонның жеке құрамына арналған бір казармамыз және артиллериялық зымыранды дивии нмен зениттік дивизионға арналған бір казармамыз бар. Жатын үйлердің ішіне шамамен 200- ге жуық адам сияды. Аталған нысандарда қару-жарақ сақтауға арналған бөлмелер, кезекшілік қызмет атқаратын бөлмелер мен медпункт жабдықталған. Арнайы бөлмелерге жеке құрамның ыңғайлы және жайлы демалуы үшін кондиционерлер қойылған. Олар бөлмелерді жазда салқындататын болса, қыста жылытады. Сондай-ақ мұнда полигон жеке құрамына арналған асхана, медпункт, оқу сыныптары (жаздық, қыстық) жұмыс істейді. Қорыта айтқанда, осындай мүмкіншілігі бар болғасын біздің полигонға бөлімше, взвод, рота жеке құрамдарымен оқу-тактикалық жаттығуларды өткізуге рұқсат берілген, – дейді полигон басшысы, лейтенант Сүйімбай Тұранұлы.
БІЛІМДІ БІЛІКТІЛІКПЕН ҰШТАСТЫРАТЫН ЖИЫН
Әскери жоғары оқу орындарын және азаматтық жоғары оқу орындарындағы әскери кафедраларды тәмамдаған жас офицерлерге арналған оқужаттығу жиындарын өткізу жылдағы жоспарға сәйкес әр жылы жүргізіледі. Осыған байланысты 2025 жылдың 14 тамызында, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының ұйытқы болуымен Кеңес одағының батыры Бауыржан Момышұлы атындағы 85395 әскери бөлімнің «Айша бибі» полигонында биылғы жыл ыәскерге шақырылған жас офицерлерге кезекті оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылды. Бұл күні офицерлер атыс және теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру бойынша сынға түсті. Оған барлығы 181 офицер қатысты. Солардың ішіндегі 21-і кадет. Жалпы атаулы жиын 16 тамызға дейін жалғасатын болады.
Оқу-жаттығу жиынына «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары, полковник Ержан Мейірманов басшылық жас ас а, оның жұмысын әскери жоғары оқу орындарын және азаматтық жоғары оқу орындарындағы әскери кафедраларды тәмамдаған жас офицерлер жиынының штаб басшысы, подполковник Максим Реслер үйлестіріп отырды. Ержан Сайранұлының айтуынша, мұндай жиындардың жас офицерлерге берері мол. Оқу-жаттығу жиынына қатысқан әрбір офицер өзінің теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, сол арқылы басымкемшін тұстарын анықтап, алдағы бағытын айқындайды.
– Мұнда офицерлер ертең әскер құрамымен қалай жұмыс істеулері керектігін үйренеді. Өздерінің кемшіліктерін анықтап, сонымен күресуге кіріседі. Әйтпесе бұлардың арасынан да алдағы күндері өз қызметтеріне лайықсыздардың шығып қалуы ғажап емес. Мысалы, бізде өткен жылы сондай ұйғарыммен 2 жас офицер жұмысынан босатылды, – дейді полковник Ержан Мейірманов.
Штаб басшысы өз сөзінде жас офицерлердің жиынға еліміздегі әр өңірлік қолбасшылықтан келгендігін жеткізді. Олардың арасынан озат деп танылғандардың арнайы марапатталатындығын айтып, оқу-жаттығу жиынының қорытындысы әскери бөлімдерге жолданатынын мәлімдеді.

СЕНІМДІ СЕРІК ЕТКЕН САРБАЗДАР
Біз оқу-жаттығу жиыны барысында екі жас офицерді әңгімеге тарттық.
Аға лейтенант Қуаныш Есмұратов: «Мен Талдықорған қаласының тумасымын. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің әскери кафедрасын тәмамдағанмын. Оқуға 2019 жылы қабылдандым, 2022 жылы әскери кафедрамды аяқтап, 2023 жылы университеттегі оқуымды бітіріп шықтым. Азаматтық мамандығым – қоршаған ортаны қорғау және өмір сүру қауіпсіздігі, ал әскери кафедрадағы мамандығым – құрлық әскерін ұйымдастыру. Әскерге өз еркіммен келдім. Қазір Гвардейскідегі 12 танк бригадасы 21451 әскери бөлімінде қызмет етудемін. Келісімшартымды создырып, әскерде қалсам деген ниетім бар. Бірақ қызметімді өзімнің туған жерімде – Талдықорғанда жалғастырғым келеді. Әскерде жүргеніме 4 ай болды. Міне, бүгін оқу-жаттығу жиынына қатысып жатырмын. Осыған мүмкіншілік бергені үшін рота командирім Сапаровқа және бригада командирім Шайкеновке алғыс айтамын», – деді.
Лейтенант Арыстан Бауыржанов: «Мен 2003 жылы 2 мамырда Алматы қаласында дүниеге келгенмін. 2020 жылы осы Алматыдағы радио электроника байланыс әскери инженерлік институтының әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері кафедрасына оқуға түстім. Оқуымды бітірген соң Жаркент қаласындағы 74261 әскери бөлімінің зенитті зымыранды батареясына взвод командирі болып тағайындалдым. Бүгінгі жиынға қатысып жатқаныма қуаныштымын. Мұнда жақсы нәтиже көрсетсек, марапатқа ие боламыз. Ал көрс ете алмасақ, ұятты болып қаламыз. Сондықтан үздіктердің ортасынан табылуға барынша тырысатын боламын», – деді.
Талғат ТАЛАПҰЛЫ