Мүмкіндігі шектеулі жандарға мүмкіндік мол
Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жұмысының негізгі бағыттарының бірі – мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету.
Бүгінде өңірде 45 652 мүгедектігі бар адам тіркелген, оның ішінде 1-ші топтағы – 4 799 адам, 2-ші топ – 16 370, 3-ші топ – 17 689 адам, 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалардың саны – 6 794.
2025 жылы мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды көмек түрлерімен және қызметтермен қамтамасыз ету үшін, яғни сурдо-тифлотехникалық құралдар, протездікортопедиялық бұйымдар, міндетті гигиеналық кұралдар, санаторлық-курорттық емделу, кресло-арбалар, жеке көмекші, ымдау тілі маманы қызметтеріне, инватакси қызметіне, жаңа бастамалар үшін 7,8 миллиард теңге қаржы қаралған.
Оның ішінде: сурдотехникалық құралдарға – 102,2 миллион теңге, тифлотехникалық құралдарға – 372,0 миллион теңге, санаторлықкурорттық емделуге – 1430,0 миллион теңге, протездік-ортопедиялық бұйымдарға – 401,0 миллион теңге, міндетті гигиеналық кұралдарға – 2910,8 миллион теңге, арнаулы жүріп-тұру құралдарына – 364,0 миллион теңге, жеке көмекшінің қызметтеріне – 1317,1 миллион теңге, ымдау тілі маманының қызметтеріне – 248,0 миллион теңге, жаңа бастамаларға – 85,0 миллион теңге, инватакси қызметіне – 548,7 миллион теңге.
Биылғы жылдың алты айында «Е-Собес» ақпараттық жүйесінде мүгедектігі бар адамдарды техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету бойынша абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламаларының орындалуы 76,7 пайызды құрап отыр. Республикада орташа көрсеткіш – 68,2 пайыз. Осылайша порталға тіркелген 21844 өтініштің 16743-і қанағаттандырылды.
– 2025 жылдың қорытындысы бойынша мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламаларын орындауды 95,0 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр, – дейді бұл жөнінде облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Самат Төрегелдиев
– Көру қабілеті жағынан мүгедектігі бар 519 адам тифлотехникалық, есту қабілеті жағынан мүгедектігі бар 367 адам сурдотехникалық, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар 667 адам арнаулы жүріп-тұру, жамбас органдарының қызметі бұзылған мүгедектігі бар 9059 адам міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді. Ымдау тілі маманының қызметімен толығымен 542 адам қамтамасыз етілді. Бірінші топтағы мүгедектігі бар, жүріптұруы қиын 248 адамға жеке көмекшілердің қызметтері ұсынылуда.
Техникалық оңалту құралдарының жекеленген түрлері бойынша облыстық көрсеткіштен төмен көрсеткіштер санаторлы-курорттық емделумен және протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету бағыттарында кездеседі.
Жекеленген бағыттар бойынша облыстық көрсеткіштен төмен көрсеткіштер Қордай ауданы, Тараз қаласы, Т.Рысқұлов, Сарысу және Байзақ аудандарында орын алған. Мүгедектігі бар адамдарға қолайлы жағдай жасау бағытында Amanat партиясының сайлауалды бағдарламасымен бекітілген «Жол картасының» 84-тармағына сәйкес жыл соңына дейін Тараз қаласы мен аудандарда 262 нысанды бейімдеу жоспарланып, ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша қозғалысы шектеулі азаматтар үшін нысандардың қолжетімділігіне жағдай жасау үшін 106 МҮМКІНДІК МОЛ Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жұмысының негізгі бағыттарының бірі – мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету. Мүмкіндігі шектеулі жандарға нысанға 101,1 миллион теңге бөлінді, 95 нысанды бейімдеу жұмыстары толығымен аяқталды. 145 нысан ішінара бейімделді.
Алайда бүгінгі күнге 22 нысан бейімделмей отыр. Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді орта қалыптастыру мақсатында жергілікті бюджеттен «Инватакси» қызметіне 275,4 миллион теңге қаралып, Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде 14 инватакси қызметі жұмыс атқарады. Сонымен қатар 2300 жуық инватакси пайдаланушысы тіркеліп, оларға 32 автокөлікте қызмет көрсетілуде.
Жалпы облыс бойынша 14 инватакси қызметі, атап айтқанда Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Талас, Т.Рысқұлов, Сарысу, Меркі, Мойынқұм, Шу аудандарында 1 қызметтен, Тараз қаласында 4 қызмет, 13 арнайы жабдықталынған автокөліктер бар. Биыл Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің 2025 жылғы 27 наурызындағы өкімімен мүгедектік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып Әйгерім Даулетбаева тағайындалды.
Сонымен қатар мүгедектігі бар азаматтардың мәселелерін дер кезінде шешуді қамтамасыз ету мақсатында Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне мүгедектігі бар азаматтар қатарынан штаттан тыс кеңесшілер тағайындалып, жұмыс атқаруда. Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Самат Төрегелдиевтің айтуынша, басқармаға қарасты 17 медициналық-әлеуметтік мекемелерде, соның ішінде стационар жағдайында қабылдайтын 7 мекемеде мемлекет қамқорлығына мүгедектігі бар 885 адам алынған, оның ішінде 1-ші топтағы – 204, 2-ші топтағы – 681 адам. Олар бекітілген стандартқа сәйкес 8 түрлі арнаулы әлеуметтік қызмет түрлерімен қамтылуда.
Сонымен қатар мүгедектігі бар адамдарға арналған жартылай стационар жағдайындағы 10 орталықта, нақтырақ айтсақ, Жамбыл облыстық әлеуметтік оңалту және Жамбыл облыстық филиалы (Аса ауылы) Қарақыстақ ауылдық, Меркі аудандық, Шу аудандық, Қордай аудандық, Талас аудандық, Сарысу аудандық мүгедек балаларға арналған оңалту және бейімдеу орталықтары және Аутизмі бар балаларды қолдау орталықтарында 763 мүгедектігі бар адам арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылуда.
Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері жанындағы 10 бөлімшеде, оның ішінде Тараз қаласында 4, Шу ауданында 2, Байзақ, Жуалы, Т.Рысқұлов, Сарысу аудандарында 1-еуден және Қордай ауданында бөлімшеден тыс мамандары үйде қызмет көрсету жағдайында 786 мүгедектігі бар азаматқа арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуде. Мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қорғау бағытында үкіметтік емес ұйымдардың да атқарып отырған жұмыстары айтарлықтай. Бүгінгі күнге олар 988 мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуде.
Соның ішінде, басқарма тарапынан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында үкіметтік емес ұйымдар арқылы 5 әлеуметтік жоба іске асырылып, 630 мүгедектігі бар адамдарға және балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілуде. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 190 миллион теңге қаржы бөлінді.
Сондай-ақ Байзақ, Жуалы және Мойынқұм аудандарында 75 мүгедектігі бар балаларға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында үкіметтік емес ұйымдар тарапынан күндіз болу жағдайында оңалту және бейімдеу орталықтары арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуде.
Бұл мақсаттарға жалпы жергілікті бюджеттерден 83,0 миллион теңге қаржы бөлінген.
Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері тарапынан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 8 үкіметтік емес ұйымдар арқылы 283 мүгедектігі бар азаматтар мен балаларға үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынылуда. Ерекше жандарға табыс табуда тең мүмкіндіктер жасаудың басты шарттарының бірі – оларды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту. Жергілікті атқарушы органдар еңбек қызметі үшін медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар үшін кәсіпорындардағы жұмыс орындары санының 2-4 пайызға дейінгі мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгілейді.
2025 жылы мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында 67 мекемеде 101 орынға квота аясында жұмыс орындары бекітіліп, есепті мерзімге квота аясында 32 мүгедектігі бар адамдар жұмысқа орналасты.
2025 жылдың алты айында Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында 1170 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылып, олардың 201-і тұрақты жұмыстармен қамтылды, 307 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға, 17 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 9 адам жастар практикасына жұмыстарға жолданды, алғашқы жұмыс орындарына – 5 адам, «Күміс жас» жобасына 47 адам жолданды, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарына – 15, онлайн оқыту курстарына 139 адам жолданды, «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 318 адам жолданды, 112 адам қайтарымсыз грант алды.
Бұдан бөлек, 66 жәрмеңке ұйымдастырылып, бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде 998 жұмыс беруші мекемелерден 4566 бос жұмыс орындары ұсынылып, нәтижесінде тұрақты жұмыс орындарына мүгедектігі бар 201 азамат орналасты. Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша 1146 балаға 42,7 миллион теңге тағайындалып, төленді. 2025 жылдан бастап Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан арнаулы әлеуметтік қызметтерді трансформациялау жұмыстары жүргізілуде. Трансформациялау барысында барлық көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер цифрландырылған «Socium» платформасы арқылы жүргізілетін болады. Бүгінгі таңда облыста арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін 37 ұйым (барлығы 40 лицензия алған) адам басына шаққандағы қаржыландыру жүйесіне көшуде. Бұл ұйымдардың қатарына 18 ведомстволық мекеме, Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің 6 бөлімшесі, 1 уақытша тұру мекемесі және 14 үкіметтік емес ұйым кіреді. Оның ішінде 2 үкіметтік емес ұйым екі түрлі қызмет түрі бойынша, ал 1 үкіметтік емес ұйым екі ауданда лицензия алған.
Бүгінде арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында «подушалық» қаржыландыруды енгізу бойынша «Социум» ақпараттық базасында жұмыс жүргізіліп, аяқталды.
Сондай-ақ жеті ұйым, нақтырақ айтсақ, Жамбыл облыстық және Қордай, Талас, Сарысу, Шу аудандарының мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталықтары, Қордай аудандық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік қызмет көрсету орталығы және №4 әлеуметтік қызмет көрсету орталығында әлеуметтік қызметтер порталы арқылы шарт жасауға дайын. Қазіргі уақытта Қордай аудандық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік қызмет көрсету орталығымен шарт жасалды.
Оралхан ДӘУІТ