Тоқаев Тамыз конференциясының пленарлық отырысына қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тамыз конференциясының пленарлық отырысына қатысты, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Президент ұлағатты ұстаздардың қоғамдағы алар орнына кеңірек тоқталып, мәртебелі мұғалімдерді алдағы келе жатқан жаңа оқу жылымен құттықтады.
Сондай-ақ, Президент соңғы төрт жылдың ішінде ұстаздардың жалақысы екі есе өскенін де тілге тиек етті.

Cонымен қатар конференцияда Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Қызылорда облысындағы №290 келешек мектебінің директоры Мөлдір Смаханова, Астана қаласындағы Urban School директоры Александр Лукашевич, Ақтөбе политехникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері Дархан Шаңбаев сөз сөйледі.
