Абай туған топырақта
Абай облысының Семей қаласында, Абай ауданы, Қарауылтөбе елді-мекенінде өткен Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған салтанатты концерттерде К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы әртістері, атап айтқанда: «Тараз» триосы, Динара Диханбаева, Мадина Бердиярова және Ербосын Қасымбеков өнер көрсетті.
Мұндағы мақсат – Абай Құнанбайұлының 1 8 0 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өту арқылы оның рухани мұрасын ұлықтау, өскелең ұрпаққа даналық сөздері мен ұлағаттыойларын насихаттау, сондай-ақ қазақ халқының классикалық поэзиясы мен ұлттық музыкасын дәріптеу. Сонымен қатар өңіраралық мәдени байланыстарды нығайтып, Жамбыл облысы өнерпаздарының өнері арқылы ел ішіндегі рухани бірлікті, мәдени алмасуды арттыру.
Aq jol-Aqparat.