Әулиеаталық өнерпаз Жапонияда күй күмбірлетті
Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармониясының әртісі Нұрлатбек Азимбаев Жапонияның Осака қаласында өтіп жатқан «Designing Future Society for Our Lives» («Біздің өміріміз үшін болашақ қоғам құру») тақырыбындағы EXPO-2025 дүниежүзілік көрмесінде Қазақстан делегациясы құрамында өнер көрсетті.
EXPO-2025 халықаралық көрмесінің ұйымдастырушылары 10 т амыз – қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбайұлының туған күнін Қазақстанның Ұлттық күні деп жариялады. Биылғы көрме 13 сәуір мен 13 қазан аралығында өтіп, басты тақырыбы үш негізгі бағытта жүзеге асуда, олар: «Өмірді сақтау », « Мүмкіндіктерді кеңейту» және «Өмірді біріктіру».
Шараға әлемнрің 150 мемлекеті мен 9 халықаралық ұйым қатысуда. Келушілер саны 28,2 миллион адам болады деп жоспарланған. Қазақстан павильоны шанырақ бейнесінде жасалып, онда еліміздің тарихы, мәдениеті, экономикалық жетістіктері, экожүйесі, туризм, инвестиция және инновациялық жобалары қамтылған . Ұлттық күн аясында Қазақстанның мемлекеттік туын көтеру рәсімі, ресми делегациялармен кездесулер, этно-концерт және қазақстандық әртістердің қатысуымен салтанатты шеру өтті. Сонымен қатар, мәдени және іскерлік іс-шаралар кешені ұйымдастырылып, Қазақстанның өнері мен дәстүрі халықаралық деңгейде кеңінен насихатталды.
Aq jol-Aqparat