Мансапқа бастайтын мақсат
Көптеген жас жігіттер үшін армияға шақырту – бұл тек Конституциялық борышты өтеу ғана емес, сонымен қатар өмірде өз орныңды табуға мүмкіндік. Дәл осындай жағдай Жетісу өңірінің тумасы, 18 жастағы мерзімді қызметтің сарбазы Кирилл Нащадимнің өмірінде орын алды. Ол колледжді «дәнекерлеуші» мамандығы бойынша аяқтаған соң, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 01731 әскери бөліміне шақырылды. Қызмет барысында Кирилл өзінің мамандығының армияда сұранысқа ие екенін және армандаған әскери қызметтің орындалып жатқанын түсінді.
Кирилл әскери техниканы қалпына келтіреумен айналысатын жөндеу бөлімшесіне түсті. Оның мамандығы бірден қажет болды – қызметінің алғашқы айларында-ақ тәжірибелі жауынгерлермен бірге жаяу әскердің ұрыс машиналарын, тартқыштар мен бронетранспортерлерді жөндеуге кірісті. Балалық шағынан армияда қызмет етуді армандаған ол өз кәсібін қайда қолдана алатынын білмеген еді. Ақыры, армия ол үшін кәсіби дамудың нағыз алаңына айналды.
– Мен өз мамандығымның армияда соншалықты қажет болатынын мүлде ойламаппын, – дейді Кирилл. – Әскер туралы көп нәрсені білмейтінімді түсіндім. Мұнда тек әскери дағдылар ғана емес, техника жөндей білу де маңызды екен. Мысалы, ұрыс даласында зақымданған техниканы қы сқа мер з імде қай т а сапқа қосу өте маңызды. Сондықтан жөндеу ісінде әскери жөндеушілердің қолы керек. Өз білімімді іске асырып жатқаным үшін қуаныштымын. Әскерде мен тек дағдыларымды шыңдап қана қоймай, барлығын аға жолдастарымнан да үйреніп жүрмін.
Алты айлық қызметтен кейін-ақ Кирилл өмірін армиямен байланыстыруды нақты шешті. Командирлер оның бастамасын қолдап, көп ұзамай ол келісімшартқа қол қойды. Енді ол казармада емес, келісімшарт негізінде қызмет етіп жатқан басқа да жас сарбаздармен бірге жалдамалы пәтерде тұрады. Қазірдің өзінде әскери ипотека арқылы өз баспанасын алу туралы ойланып жүр, өйткені жақында отбасын құру уақыты да келеді.
Кирилдің ата-анасы оның бұл шешімін қуана қабылдады. Туған Сарқан қаласынан Жамбыл облысына көшу де кедергі болмады, өйткені енді оның өмірінде болашағына деген сенімділік пен тұрақтылық бар.
– Мерзімде әскери қызмет – өмірлік жолдың бастамасы бола алады, – дейді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Ержан Ибраев. – Біріншіден, бұл – жұмыс орны, тұрақты жалақы мен барлық жеңілдіктер қарастырылған, тұрғын үй үшін өтемақы, әлеуметтік кепілдіктер қарастырылған.
18 жастағы көптеген жас жігіт өмірден не қалайтынын нақты түсіне бермейді. 11-сыныптың аттестаты немесе колледж дипломы әрдайым қай бағытқа бет алу керектігін айқындай алмайды. Достармен таныстардың кеңестері кейде одан сайын шатастырады. Ең тиімді жол – өзіңді іс жүзінде сынап көру. Армия сияқты маңызды және қажетті іспен айналыса отырып, болашаққа нақты бағыт табуға болады. Ол өзіңді шынайы жағдайда сынауға мүмкіндік береді және ең бастысы – алдағы жылдары нені қалайтыныңды анықтауға көмектеседі.
Айта кетерлігі, мұндай тағдырлы өзгерістер Кирилмен қатар , осы әскери бөлімдегі басқа да колледж түлектері – әртүрлі мамандық ие сі болған сарбаздардың да өмірінде орын алды. Осының бәрі – ел Президенті жариялаған жұмысшы мамандықтары жылының аясында жүзеге асты. Мерзімді кезең жастар үшін шешім қабылдау жылы болды, яғни жаңа, ересек өмір, әскери қызмет пен еңбек жолы бір мезгілде басталды.
Кирилдің оқиғасы – армиядағы қызметтің болашақ мансапқа бастайтын алаң бола алатынының жарқын мысалы. Көптеген сарбаздар үшін әскери қызмет – жай уақытша мекен емес, өзін табуға, қажет дағдыларды меңгеруге және болашаққа бағыт жасауға болатын маңызды орта. Мұнда өзіңді іске асыруға, құнды тәжірибе жинауға және болашағыңа нақты шешім қабылдауға мүмкіндік берілген.
Талғат ТАЛАПҰЛЫ.