Жаңалықтар

Енді жастар әскерге жасанды интеллект арқылы шақырылады

Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру терең цифрлық трансформация дәуіріне қадам басты. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі жасанды интеллект (ЖИ) пен автоматтандыруға негізделген біріктірілген экожүйені белсенді түрде енгізуде. Бұл азаматтар мен мемлекет үшін шақыру процесін барынша ашық, ыңғайлы және тиімді етеді. 2025 жылдың күзгі шақыру науқаны дәстүрлі түрде 1 қыркүйекте басталады және дәл осы инновациялар аясында өтеді.

Шақыруды ұйымдастыруда негізгі жоба – қорғалған сегментте жасанды интеллект қолданылатын «Smart әскери комиссариат» жобасы болмақ. Ол ҚР Қорғаныс министрлігінің мобилизациялық ресурстардың автоматтандырылған жүйесінің «Интеграциялық шлюзі» ақпараттық жүйесіне біріктірілген. Жобаның мақсаты – азаматтардың медициналық тексеруден өту қажеттігі мен шақырылуы туралы уақытылы және дәл хабардар етілуі процесін түбегейлі оңтайландыру.

Енді жергілікті әскери басқару органдары (әскери комиссариаттар) мемлекеттік дерекқорлармен біріге отырып, шақырылушылар туралы ақпаратты автоматты түрде алып, жаңартып отыра алады.

– Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу енді тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеу деректеріне сүйене отырып автоматты түрде жүзеге асады, – деп түсіндіреді Жамбыл облысы Қорғаныс істері департаментінің бастығы, полковник Нұрбол Зейнелов. – Тұрақты тіркеу мекенжайы өзгерген жағдайда жас жігіттің шақыру учаскесіне тіркелуі автоматты түрде жаңартылады. Мәліметтер үнемі өзекті болады.

Бұл қалай жұмыс істейді? Жасанды интеллектіге негізделген жүйе әскери есепте тұрған азаматтардың дерекқорын т а лдайды. Алғашқы ке зекте хабарландыру алатын кандидаттарды іріктеудің басты критерийлеріне жас мөлшері, білімі мен мамандығы, антропометриялық көрсеткіштер, денсаулығының жай-күйі және отбасылық жағдайы кіреді.

«Smart әскери комиссариат» жобасының арқасында қылмыстық қудалауға тартылу, деструктивті радикалды ағымдарға қатысы бар болуы, суицидтік бейімділік сияқты «шақырудан босататын» факторлар да ескерусіз қалмайды. Сондай-ақ балаларының болуы, мүгедек ата-анасына қараушы болуы сияқты кейінге қалдыруға құқық беретін жағдайлар да ескеріледі.

– «Smart әскери комиссариат» жобасының мәні – барынша дәл және мақсатты хабарландыру. Біз әскери қызметке жарамды және шақыруға объективті кедергісі жоқ жастарды шақыра аламыз. Бұл негізсіз шақыруларды азайтады, шақырылушылар мен жергілікті әскери басқару органдарының уақытын үнемдейді және бүкіл процесті анағұрлым ашық етеді, – дейді полковник Нұрбол Зейнелов.

Жүйе тек жарамдылық талаптарына толық сәйкес келетін және шақыруға кедергісі жоқ азаматтарды ғана хабарландыруға ұсынатын болады деп күтілуде. Мұндай әрекет шақыру жүйесіне түсетін жүктемені едәуір азайтады және шақыруға жатпайтын тұлғалардың бекер шақырылуын болдырмайды. Мерзімді әскери қызметке шақыру туралы хабарландыру да енді цифрлық форматта жүзеге асатын болады. Өйткені шақыруға жататын азаматтарға күнтізбе бойынша SMS-хабарлама немесе eGov порталы арқылы жеке кабинетке жіберу – заңнамалық негізде бекітілді. Сәйкесінше осындай қадам шақыру туралы ақпаратты уақытылы алуды қамтамасыз етеді және қағаз құжаттардың жоғалу қаупін болдырмайды.

Медициналық текс еруден өту проце сі де цифрлануда. Шақырылушының тіркелген емханаларға жүгіну тарихы, диагноздары мен диспансерлік есебі – барлығы цифрлық түрде әскеридәрігерлік комиссия (ӘДК) дәрігерлеріне қолжетімді болады.

– Енді ойдан шығарылған аурулар туралы мәлімдеу немесе жалған анықтама ұсынуға тырысу – мағынасыз, – деп атап өтті Жамбыл облысы Қорғаныс істері департаментінің әскери-дәрігерлік комиссиясының төрағасы, медицина қызметінің подполковнигі Сергей Золотарев. – Денсаулықты бағалау объективті, құжатталған деректерге негізделеді. Осындай қадам әскери қызметке жарамдыларды іріктеу сапасын арттырып қана қоймай, процеске деген сенімді де нығайтады.

ӘДК дәрігерлерінің жалпы медициналық дерекқорға қолжетімділігі жас жігіттердің денсаулығын бағалауда объективтілікті қамтамасыз етеді. Енді шақырылушылар мен олардың атааналары емханадан анықтама жоғалтқандарын сылтау ете алмайды. Осыған байланысты оларға жүйелі болу маңызды: егер жас жігіттің қандай да бір ауруы немесе денсаулыққа қатысты шағымы болса, тіркелген емханасына уақытылы жүгініп, тексеруден өтіп, дәрігердің нұсқауларын орындауы қажет. Себебі, Damumed жүйесінде емханалар мен ауруханаларға жүгінудің әрбір қадамы тіркеліп отырады.

Күзгі шақыру науқаны 1 қыркүйекте басталып, 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Атаулы науқан осы жолы «Smart әскери комиссариат» цифрлық жобасының барлық элементтері толық көлемде алғаш рет іске асатын шақыру болмақ, яғни 17 жасар бозбалаларды автоматты тіркеуден бастап SMSхабарлама арқылы шақыруға дейін.

Қазақстандағы шақыру процесінің цифрлануы енді сынақтан жүйелі іске асыру кезеңіне өтті. Есепті автоматтандыру, Damumed арқылы денсаулықты объективті бағалау, заманауи хабарлау арналары – барлығы мүлдем жаңа орта қалыптастырады. Осы шара – қоғам үшін шақыру процедураларының ашықтығына және Қарулы Күштерді дайын әрі көзделген кадрлармен жасақтауда тиімділікке бағытталған орта болып табылады. 2025 жылғы күзгі шақыру – осы кешенді цифрлық жүйенің алғашқы нақты сынағы болмақ.