Жаңалықтар

Баланы дұрыс сүндеттемеу – бүйрек жұмысының бұзылуына әкеп соғады

Тамыз айы нағыз сүндеттеудің қызып тұрған шағы. Маусымы десек те болады. Ата-бабамыздың игі дәстүрі бойынша қауынқарбыз піскен шақта 3 жас пен 5 жасқа толған ер баланы мұсылманшылық парызымыз бойынша сүндетке отырғызған. Бала «азамат болды» деп елжұрт қуанып, той жасаған, көрімдік берген. Осы игі салт әлі де атадан балаға жалғасып келеді.

Медицина тілінде айтсақ, сүндеттеу – ер баланың жыныс мүшесін жауып тұрған қабықшасын кесу. Бұл – пайғамбарлардың амалы. Ізгі амал. Бұл дәстүр X-XI ғасырда еніп, XIVXV ғасырдан бастап жалпы халықтық дәстүр ретінде танылды.

Бүгінде жер - жерде арнайы сүндеттеу орталықтары ашылған. Шетінен креативті, барлығының бір жаңашылдығы бар. Жалпы баланы неше жастан бастап сүндеттеген жөн? Кімге, қайда апарып мұсылман қылған дұрыс? Қай жыл мезгілінде сүндеттеген дұрыс? Бұл рәсім қалай жасалады деген сұрақпен біз қаламыздағы танымал вип сүндеттеу орталығы «SUNDET medical center» басшысы Қайрат Рахметовке жолықтық. Шерхан Мұртаза көшесі 86 үйде орналасқан сүндеттеу орталығында кәсіпкердің өзі отыр екен. Кәсіпкер Қайрат Байғанинұлы бұл орталықты 2022 жылы ашқан. Өзі Алматы қаласындағы «Жан мен тән» сауықтыру орталығының бас директоры. Көптеген жобалардың авторы.

Қанша жаста сүндеттеуге болады деген сұраққа этнограф Досымбек Қатранұлы былай деп жауап береді.

Жамбыл ауданы, Аса ауылында да ерекше бастаманы қолдайтын осындай сүндеттеу орталығы бар екен. Орталық иесі Нұрболат Маликов ойын кереуетіне жатқызып баланы ауыртпай сүндетке отырғызатындықтарын ғана айтып өтті.

Сүндеттеу – ата-ана мен балаға ортақ сынақ. Баланы осындай сынақтан өткізу анаға да оңай тимейді. Баласымен бірге жылап, бірге күлетін аяулы нәзік жандылар мұндай күндерді баласымен қоса бірге өткереді. Баласының денесіне пышақ тиетінін ойлаған ана сүндеттеу деген әңгіме басталғанда-ақ өзі сүндеттелетіндей мазасыз күй кешеді. Сондай жаны нәзік жас ананың бірі – Әсел Сапарбекова. Жас ананың өзі де онколог-маммолог дәрігер. Ұлдары Нұрисламның жасы 5-те. Үш күн бұрын сүндеттелген. Білікті неанотолог-хирург Нұртуған Айтуғанұлы сүндеттепті.

Енді сүндетке отырудың пайдасы туралы айтсақ. Бұл жайында бізге білікті дәрігер, 2021 жылдың ҚР Президентінің «Халық алғысы» медалімен марапатталған облыстың бас неонаталды хирургы Нұртуған Әлқуатов айтып берді.

Пайдасын айтып болсақ, сүндеттеудің бағасына тоқталайық. Жаз және күз айларында хирург дәрігерлердің қолы жүріп тұрған кез. Өмірдің шындығы о заманда бұл заман молдаға кестірсең де сый-сияпаты деп мал атап, қолына ақша ұстатып, шапан жапқан. Қазіргідей дамыған заманда сүндеттеудің өзі де жанданып, жылдан жылға өзгеріп жатқанына байланысты сүндеттеудің арнайы прайсы бар. Нақты орталыққа барсаңыз алдыңызға бағасы жазылған қағазды ұсынады. Сөздің тоқетері – баланы сүндетке отырғызу құны 20 мың мен 60 мыңның арасы. Жансыздандыратын дәрісі бар, анестезиологтың, хирургтың, кәсіпкердің құны бар, жалпы кейде ұсынатын сыйлығы, памперсы, арнайы ішкиімі бар, 60-70 мың шығады. Кейбір хирург бергеніңді алады. Ал кейбірі нақты бағасын айтады. Өңірімізде сүндеттеу орталықтарынан бөлек ауруханалардағы, емханалардағы белгілі хирург дәрігер де баланы сүндетке отырғыза береді. Бұл атаа н а н ы ң қ а л у ы н а б а й л а н ы с т ы . Айтпақшы, сүндеттеу тәсілін әке-шеше өзі таңдайды. Қайшы, не скальпель, не лазермен. Бірақ лазермен кесу – ХХІ ғасырдағы медицинадағы ең үлкен жаңалық екен.

Ер баланың азамат атанғанының алғашқы белгісі де осы – сүндетке отырғызу. Ал түсінген адамға сүндет – пәктіктің, тазалықтың, мұсылмандықтың белгісі. Қазақ сүндетке отырған балаға «Ашамайлы атқа, мұсылмандық таққа мінгені құтты болсын!» деп тілек айтып, сүндет той жасаған. Той төресі – сүндет той көп болсын!