Диагноздар жасанды интеллект арқылы анықталады
Бүгінде елімізде денсаулық сақтау саласы цифрландырудан шет қалмай заманауи ақпараттық жүйелермен жабдықталуда. Бұл бағытта өңірімізде де медициналық қызметтің сапасын арттыруға бағытталған ауқымды цифрлық жобалар іске асырылуда.
Мәселен, өткен жылы облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің өкімімен бекітілген «Ақылды қаланы» құру әдістеме сіндегі бастамаларды іске асыру бойынша Жол картасы а я с ы н д а б і р қ а т а р ж о б а л а р қолға алынған болатын. Осыған орай облыстың медицина лық мемлекеттік мекемелерінде жасанды интеллект диагностикасын қолдану жоспарланған. Жасанды интеллект ісіктер немесе жүрек аурулары сияқты ауытқуларды анықт ау үшін медициналық кескіндерді – флюорография, рентген, МРТ, КТ өңдеуге көмектеседі. Жобаны о бл ы с т ы ң д е н с аул ы қ с а қ т ау басқармасы мен «WDSOFT» ЖШС жеке компаниясы жүзеге асыруда. Жамбыл облысының 22 медициналық мекемесін бірыңғай радиологиялық ақпараттық жүйемен біріктіруде. Ол деректерді талдай алады және адамға байқау қиын үлгілерді анықтайды. Осы арқылы 95 пайыз диагноз жасанды интеллект арқылы қойылатын болады.
Аймақтағы барлық медициналық ұйымдардың 100 пайыз интернет желісіне қо сылуы – цифрлық денсаулық сақтаудың негізі саналатын медициналық ақпараттық жүйелерді толық енгізуге жағдай жасап отыр. Қазіргі таңда облыстың денсаулық сақтау мекемелерінде үш ірі ақпараттық жүйе қолданылады. Мысалы, «ИнфоДонор» жүйесі қан орталықтарының ж ұ м ы с ы н а в т о м а т т а н д ы р у ғ а бағытталған болса, «Көмек» жүйесі жедел медициналық жәрдем қызметін тиімді басқаруға арналған. Ал «Damumed» – стационарлар мен алғашқы медициналық көмек ұйымдарын түгел қамтитын кешенді медициналық жүйе. Бұл жүйелер емдеу процесін автоматтандырып қана қоймай, халық пен медицина қызметкерлерінің уақытын үнемдеуге, қағазбастылықты азайтуға оң септігін тигізуде.
Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен құрылған E-Health п л ат ф о р м а с ы н ы ң с е р в и с т е р і облыста да кезең-кезеңімен енгізіліп келеді. Осы бағытта өңірде КМИС «Damumed» жүйесіне негізделген 031/е нысаны – мүгедектік пен әлеуметтік қорғау шараларын тағайындау қызметі пилоттық режимде іске қосылды. Сонымен қатар еңбекке жарамсыздық парақтары мен түрлі анықтамалар цифрлық форматта ұсынылуда. Бұл өз кезегінде қызмет алушылар мен дәрігерлер арасындағы қарым-қатынасты жеңілдетіп, қызмет сапасын арттыруға жол ашуда. Жүйенің жаңғыруы әрі қарай да жалғасын тауып отыр. Атап айтқанда, 2024 жылдың қараша айынан бастап «Жүкті әйелдер мен ұрпақты болу жасындағы әйелдердің тіркелімі» және «Дәрілік қамтамасыз ету» жүйелерімен толық интеграция іске асты. Алдағы уақытта бұл тізімге стационарлық, диспансерлік және онкологиялық науқастардың тіркелімдері де қосылады. Осылайша, барлық есеп-қисап пен медициналық қызметтерді басқару бірыңғай медициналық ақпараттық жүйелер арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады. Бұл халық үшін де, медицина қызметкерлері үшін де үлкен жеңілдік. Сонымен қатар «Egov mobile» қосымшасындағы e-Densaulyq сервисі арқылы тұрғындар өздерінің медициналық мәліметтерін көре алады. Онда дәрігерге қаралу тарихы, зертханалық талдаулар, вакцинация, р е ц е п т т е р с ы н д ы а қ п а р ат т а р қолжетімді. Сонымен қатар осы қо сымша арқылы көрсетілген медициналық қызметтерді растауға немесе заңбұзушылықтар туралы шағым түсіруге мүмкіндік бар.
Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында барлық есептілікті электронды форматқа көшіру туралы шешім қабылдаған. Осыған сәйкес, бүгінде дәрігер қабылдауына жазылу, еңбекке жарамсыздық парағы мен анықтамалар алу, қызмет сапасын бағалау секілді функциялар толығымен цифрлы жүйе арқылы жүргізіледі. Бұдан бөлек, бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында «eGov mobile» және «Damumed» қосымшалары арқылы дәрігерге онлайн жазылу мүмкіндігі енгізілді. Бұл қызмет барлық бас дәрігерлер үшін міндетті сипатта және дәрігерлердің қабылдау кестесі қатаң тәртіппен бекітіледі. Халықпен кері байланысты күшейту әрі қызмет көрсету ашықтығын арттыру мақсатында облыста Face ID технологиясы енгізілуде. Қазіргі таңда 30 алғашқы медициналық ұйымдағы 3185 жұмыс орнының 1 926-сы вебкамерамен жабдықталған. Қалғандары медициналық мекемелердің өз қаражаты есебінен жабдықталуда. Face ID жүйе сі пациенттерді сәйкестендірудің заманауи тәсілі ретінде енгізілуде және ол 16 жастан асқан ҚР азаматтарына қолжетімді. Бұл мүмкіндік болмаған жағдайда жеке куәлік арқылы дәстүрлі әдіспен сәйкестендіру қарастырылған.
Облыста көрсетілетін медициналық қызметтердің көлемі де артып отыр. 2025 жылғы 10 шілдедегі мәлімет бойынша жалпы 1 339 245 медициналық қызмет көрсетілсе, оның 93 504-і қашықтан ұсынылған. Бұл көрсеткіш цифрлық медицинаның халық арасында кең қолданыс тауып келе жатқанын дәлелдейді. Ал осы жылдың бірінші жартысында 747 телемедициналық кеңес өткізіліп, шалғайдағы тұрғындардың сапалы медициналық көмек алуына жол ашылды.
Айта кетейік, аймақта бүгінде 392 мемлекеттік медициналық мекеме жұмыс істейді. Оның ішінде 28 аурухана, 12 қалалық және 10 орталық аудандық емхана, 5 ауылдық емхана, 121 дәрігерлік амбулатория, 56 фельдшерлік-акушерлік пункт, 148 медициналық пункт, 1 санаторий, 3 оңалту орталығы, 13 перзентхана және 6 өзге де ұйымдар халыққа қызмет көрсетуде.
Нұрболат АМАНБЕК