Министр тараздық оқушыны қонаққа шақырды
Еліміздің Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бір ай бұрын «Министрге хат» игі бастамасын көтерген болатын. Бастаманы іліп алып кеткен мектеп оқушыларынан екі жүзден аса хат келіп түсіпті. Сол хат жолдаған оқушылардың арасынан тараздық Артем Погореловты министр арнайы Астанаға шақырып, қабылдады. Осылайша Тараз қаласындағы №66 мектептің оқушысы Артем Погорелов елордаға арнайы барып, Оқу-ағарту министрімен кездесті.
Бұл әсерлі кездесуді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев өз әлеуметтік парақшасында былай жеткізеді: «Кеше мен үшін аса маңызды әрі айрықша жүздесу болды. Әр оқырманымның есінде болар, осыдан біраз уақыт бұрын «Министрге хат» атты игі бастама көтерілген еді. Бар-жоғы бір айдың ішінде еліміздің түкпіртүкпіріндегі балалардан 235 хат түскенін айтқан болатынмын» деп атап өтті.
Артем, балам! Шын жүректен сөйлеп, жас ұрпақтың саналы, парасатты, жігерлі екенін өз үлгіңмен дәлелдегенің үшін, б о л а ш а қ қ а а р н а ғ а н б и і к мақсаттарыңмен бөліскенің үшін, аға буынға сенім артқаның үшін саған алғыс айтамын. Біз сендердің сол сенімдеріңді а қ т ау ү ш і н ж ә н е ж а р қ ы н болашақтарыңды қамтамасыз ету үшін бүгін де, ертең де бар күшімізді саламыз.
Акция аясында келіп түскен хаттардың барлығына дерлік жауап берілуде. Ал кейбір хат иелерімен мен өңірлерге жұмыс сапарымның барысында жеке кездесіп, сұхбаттасуды жоспарлап отырмын. Қорытындылай келе, Артемнің бойына еліміздің түп тарихына деген құрмет пен сүйіспеншілікті сіңіре білген ұстаздарына айрықша алғысымды білдіргім келеді», – депті министр.
Марат ҚҰЛИБАЕВ