Тараздағы түзеу мекемесінен рақымшылыққа ілінгендер босатылуда
үгінгі таңда Конституцияның 30 жылдығына орай рақымшылыққа ілінген жазасын өтеушілер еркін өмірге жолдама алуда. Дәл осындай кезекті шара өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінде де өтті.
Бұл күні Рақымшылық туралы Заңның 3-бабы 6-тармағына сай жаза мерзімінің аяқталуына байланысты 30 жастағы шулық әйел азаматша мен 28 жастағы маңғыстаулық ер адам бостандыққа шықты. Өз кезегінде оларға еркін өмірдегі құқықтары мен міндеттері кеңінен түсіндіріліп, қайта қылмысқа бармау жөнінде қатаң ескертілді.