Шахмат жайлы аңыз
Шахмат жайлы аңыз
Бұл оқиға бұдан мың жарым жылдай бұрын болыпты. Үндістан патшасы Схерам өзінің ешкімді тыңдамайтын қыңырлығымен елді әбден күйзеліске ұшыратса керек. Сонда Сесса деген ғұлама жан-жағындағылардың көмегінсіз патшаның ештеңе істей алмайтындығын түсіндіру мақсатымен әміршіге шахмат апарып, оған ойнау ережесін баяндайды. Ғұламаның ойлап шығарған ойынына көңілі толған әмірші оған қалаған сыйлығын бермекші болады. Сонда ғұлама шахмат тақтасындағы 64 тор көздің біріншісіне бір, екіншісіне екі, үшіншісіне 2х2-4, төртіншісіне 4х2-8, осылай геометриялық прогрессиямен өсіріп бидай дәнін беруді сұрайды. Бірақ ғұламаның өтінішін орындау үшін патшаның есепшілері есептеп қарағанда (1-21-22-23-24... Осылай 264-ке дейін) 18446744073709511615 (18 квинтиллион, 446 квадриллион, 744 триллион 73 биллион 709 миллиард 551 миллион 615 мың) шығады. Бұны 12 текшеге – 20, ал 1313 текшеге 15 миллион дәннен келеді деп есептесек, 12 000 000 000 000 текше метр жерге сыятын астық сұрапты. Осынша астықты орналастыру үшін биіктігі 4 метр, ені 10 метр, ұзындығы 300 000 000 мың километр сарай салу керек екен. Бұл жердің күнге қашықтығынан екі есе көп.