Таза Қазақстан

Мыңға жуық адам қатысты

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің қаулысымен «Таза Қазақстан» акциясында Таразда санит арлық тазалық жұмыстарының бір айлығы жарияланған болатын.

Соған орай өткен сенбіде облыс орталығында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Оған қала әкімдігіне қарасты бөлімдер мен коммуналдық меншіктегі мекеме мамандарынан құралған, жалпы саны 900-ден аса адам қатысып, сауапты іске атсалысты. Тазалық жұмыстарын атқаруға 50 техника жұмылдырылды. Шаһардағы тазалық жұмыстары 5 шағынаудан аумағында қарқынды атқарылды. Сондай-ақ «Қаратау», «Ақбұлақ» «Бәйтерек» «Ұлы Дала» шағынаудандарында да жүйелі жүргізілді.

Aq jol-Aqparat.