«Бейбітшілік пен келісім» жобасы жемісті іске асырылуда
Жамбыл облысында этносаралық келісім мен құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында жүйелі жұмыс жалғасуда, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Осы орайда, 2025 жылы «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында арнайы ақпараттық-түсіндіру тобы құрылып, өңір тұрғындарына бағытталған ауқымды іс-шаралар жоспары бекітілді.
Аталған жоспарға сәйкес, Талас, Шу, Мойынқұм және Т.Рысқұлов аудандарының 24 елді мекенінде барлығы 91 іс-шараұйымдастырылды. Бұл жұмыстар 2 227 адамды қамтып, тұрғындардың құқықтықсауатын арттыру, қоғамдағы этникалық жәнетілдік кемсітушілікке жол бермеу мақсатындажүргізілді.
Іс-шаралар жоспарына сәйкес 16 тереңдетілген сұхбат, 3 әлеуметтік зерттеу, 17 ақпараттық-түсіндіружұмысы, 31 кездесу, 3 семинар, 25 мәдени және спорттық іс-шара ұйымдастырылды.

Әлеуметтік зерттеулер мен сұхбаттар арқылы өңірдегі қоғамдық ахуалға терең талдау жүргізілсе, ақпараттық-түсіндіру шаралары азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеруге бағытталды.
Сонымен қатар, өткізілген мәдени және спорттық іс-шаралар этносаралық қарым-қатынасты нығайтуға, қоғамдық бірлікті арттыруға оң ықпал етті.
Жобаның басты мақсаты – қоғамдабейбітшілік пен келісім құндылықтарындәріптеу, этносаралық татулықты сақтау жәнеел ішіндегі тұрақтылықты нығайту. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.