Жамбылда не жаңалық?

Жамбылда «Абай күні» кең көлемде аталып өтті

10 тамыз – Ұлы ақын, кемеңгер ойшыл Абай Құнанбайұлының туған күні. Биыл ұлт руханияты шамшырағының 180 жылдығы республика көлемінде кеңінен аталып өтуде, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Осы ретте бүгін Тараз қаласындағы ұлы ақынның еңселі ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті. Салтанатты жиынға Жамбыл облысы әкімі Ербол Қарашөкеев бастаған сала басшылары, өңірдің зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнер майталмандары, сондай-ақ, ақынның шығармашылық мұрасын ұлықтаған көзіқарақты оқырмандар қатысты.

Айта кетейік, қазіргі таңда ақылман ақынның атын алған облыста «Адамзаттың Абайы» атты ұлы тұлғаның 180 жылдығына арналған онкүндігі аясындағы іс-шаралардың қорытынды мерекелік жиыны өтуде.