Білім

Тараздық оқушы Оқу-ағарту министрінің қабылдауында болды

Тараз қаласы №66 мектептің оқушысы Артем Погорелов ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың жеке қабылдауында болды. Бұл туралы Ғани Бектайұлы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында бөлісті, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Оның айтуынша, «Министрге хат» игі бастама аясында Қазақстанның түкпір-түкпірінен 235 бала хат жолдаған. Соның барлығын мұқият оқып шыққан ведомство басшысының көңілі жамбылдық оқушы Артемның жылы жазбасына ауса керек.

Осылайша министр Тараз қаласының оқушысын арнайы елордаға алдыртқан. Жеке қабылдап, әңгіме-дүкен құрып, қазақтың ұлттық аспабы домбыраны сыйға тартқан.