Әлеумет

Ауыл шаруашылығы санағы не үшін қажет ?

Биыл елімізде 1 тамыз бен 20 қазан аралығында ауқымды статистикалық шара – Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді. Бұл – Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніндегі нақты ахуалды, құрылым мен ресурстық әлеуетті айқындауға бағытталған маңызды кезең. Мемлекеттік жоспарлау, ауыл шаруашылығын қолдау және халықаралық міндеттемелерді орындауға қатысты маңызды әрі сенімді ақпарат осы санақ аясында жиналмақ. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының облыс бойынша департаментінің басшысы Сырым Мәдиевтің айтуынша, бұл санақ тек деректерді жинау емес – ол еліміздегі ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайын, оның қалай дамып келе жатқанын, ондағы халықтың тұрмысын көрсетеді.