Акцияны қызықты думанға айналдырды
Тазалық акциясы әлі де жалғасып жатыр. Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі, «Жастар ресурстық орталығы» «Жасыл ел» еңбек жасақтарымен бірлесіп, шаһар ішінде сенбілік өткізді. Оған облыстық жастар ресурстық орталығының қызметкерлерімен қатар, Тараз қаласының белсенді жастары, еріктілер, жастар ұйымдары қатысты. Бас-аяғы 60-қа жуық белсенді жас атсалысқан акция бұл жолы облыстық және қалалық балалар ауруханасы маңында ұйымдастырылды.
Табиғатты аялау, экологиялық мәдениетті арттыру, жастардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін қалыптастыру мақсатында өткізілген тазалық акциясы ұйымдастырушылардың айтуынша мұнымен тоқтап қалмайды.
Қамар ҚАРАСАЕВА