Өзекті өзгерістер – басты назарда
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы «Бейбітшілік және келісім» жобасы аясында Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі жанындағы ономастика жөніндегі жұмысшы топ мүшелерімен, ауылдық округ әкімдері және бас мамандармен «Ономастиканың өзекті мәселелері» тақырыбында мазмұнды кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында басқарманың бөлім басшысы Медет Атен Қазақстан Республикасының ономастика саласына қатысты заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға тоқталып, атау беру және қайта атау үдерістерін жүргізуге арналған әдістемелік ұсынымдар туралы кеңінен түсіндірді.
Жиынға 30-дан астам адам қатысып, «2025 жылы өзгерту жоспарланған құрамдас бөліктердің жол картасына» қатысты ұсыныспікірлерін ортаға салды. Қатысушылардың барлық сауалдарына заң талаптарына сай нақты әрі мазмұнды жауаптар берілді. Бұл басқосу ономастика саласындағы өзекті мәселелерді бірлесе талқылауға, тәжірибе алмасуға және алдағы атқарылар жұмыстарды жүйелеуге ықпал етті.
Aq jol-Aqparat.