Құқық

Ел бірлігінің символы

Биыл мемлекетіміздің Конституциясына 30 жыл толып отыр. Алдағы Конституция күні қарсаңында Меркі ауданының Ақжол ауылдық мәдениет үйінде «Ардың шыңы – Ата Заң» атты патриоттық кеш өтті. Аудандық аурухана және Ақжол, Андас, Сарымолдаев, Тәтті, Сыпатай, Қызыл-қыстақ, Жеміс-жидек ауылдық кітапханаларының ұйымдастыруымен өткен іс-шара барысында кітапхана оқырмандары патриоттық өлеңдерді мәнерлеп оқып, әннен шашу шашты.

Сыпатай ауылдық кітапханасының кітапханашысы Гүлбану Абдықалыкова «Азат елдің ар-намысы – Ата Заң» атты кітап көрмесімен таныстырды. Кеш соңында Меркі аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Жанат Суюмкулова тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға бағытталған кітапханалардағы іс-шаралар жөнінде айтты.

Патриоттық кештің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан барлық қатысушылар Алғыс хатпен марапатталды.

 

Айман БҮРКІТБАЕВА

аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директорының орынбасары.

Меркі ауданы