Журналист, ақын Азамат Есалы жаңа қызметке тағайындалды
Белгілі журналист, ақын Азамат Есалыұлы «Aulieta-media» ЖШС Бас директорының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Азамат Есалыұлы 1978 жылы Талас ауданы, Сәду Шәкіров ауылында дүниеге келген.
Ең алғашқы еңбек жолын 2003 жылы «Қазақстан - Тараз» (қазіргі «JAMBYL») телеарнасында тілші болып бастаған.
Кейін әр жылдары Жамбыл облыстық «Ar-Ai» жастар газетінің бөлім меңгерушісі, ҚР Президенті Мәдениет орталығының редакторы, Ұлттық академиялық кітапханасының редакторы, «Білім және өнер» журналының бас редакторы болған.
Күні бүгінге дейін «Merzim» газетінің бас редакторы қызметін атқарып келді.