Нар қазақтың намысындай наркескен
Бүгінгі буын ежелден сақталып келе жатқан көне заттарды бабалардың көзі ретінде жоғары бағалайды. Ондай заттың тарихында талай оқиғалар жатады. Сондай құнды жәдігердің бірі Талас аудандық музейде сақталған – наркескен қылыш.
Жалпы айта кетуіміз керек, наркескен қылыш бұрынғы жаугершілік заманда қазақ батырлары асынған бе с қарудың бірі. Ол бір жүзді, екі жүзді, тура пішінді, имек пішінді болып бірнеше түрге бөлінеді.
Музейде сақталған бір жүзді наркескен. Оны аталған мекемеге Қаратау қаласының тұрғыны Дүйсен Бүркітбай деген азамат 2000 жылдары өткізген екен. Бұл наркескенді әсіресе мектеп оқушылары, ұл балалар көбірек тамашалайды екен.
Талас аудандық музейдің тағы бір жәдігері көне – үтік. 1870 жылғы үтіктің қазіргі таңда бұйым ретінде емес, тарих ретінде маңызы ерекше. 155 жыл тарихы бар зат құндылық екені анық. Бұл затты 2003 жылы Ақкөл ауылының тұрғыны Бейсен Рахымбердиев деген кісі өткізген.
Есет ЖАҢАБАЙҰЛЫ
Талас ауданы