Әлеумет

Серік Ералыұлы Дадабаев

Аса қадірлі азамат, егеменді еліміздің саясиэкономикалық саласына зор үлес қосқан ардақты тұлға, ҚР «Құрмет» орденінің, ҚР «Ерен енбегі үшін» және «Жамбыл облысына сіңірген еңбегі үшін» медалдарының иегері, Талас ауданының құрметті азаматы, Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы – Серік Ералыұлы Дадабаев 2025 жылдың 27 шілдесінде 63 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Серік Ералыұлы – саналы ғұмырын ел игілігі жолында адал еңбекке арнаған.

2001–2005 жылдары – Сарысу ауданы Жаңатас қаласының әкімі;

2005–2008 жылдары – Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылының әкімі;

2008–2020 жылдары – Талас ауданы әкімінің орынбасары;

2020–2024 жылдары – Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы;

2024 жылдан бүгінгі күнге дейін Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымында қызмет атқарып келді.

Ардақты азаматтың парасаттылығы мен адами болмысы, кәсіби біліктілігі және бейнесі мәңгі жадымызда сақталады.

Марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, орны толмас қазаға көңіл айтамыз.

 

Жамбыл облыстық, қалалық, аудандық аумақтық сайлау комиссиялары.