Заң аясында тиісті шешімдер қабылданады
Бүгін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Қабылдауға келген азаматтар аулаларды асфальттау, қоғамдық көліктер, тұрғын үй мәселесі бойынша сауалдар қойды. Сонымен қатар сауда жасау үшін жер учаскесін бөлу, жертөлені жөндеу, көпқабатты тұрғын үйді жаңғырту, тал кесу секілді өзекті мәселелер көтерілді.
Тұрғындардың әрбір сауалын мұқият тыңдаған шаһар басшысы зерделеу жұмыстарынан кейін заң аясында тиісті шешімдер қабылданатынын айтып, азаматтардың өтініштілектері бойынша жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді.
Aq jol-Aqparat.